Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC

«Жақсы әдеттер марафоны!»

Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орайластырылған нашақорлықтың алдын алу айлығы шеңберінде (1 маусым – 1 шілде) 1 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 37 мың облыс тұрғындары қамтылды. Соның ішінде: 25 тақырыптық оқытулар – 488 адам, 64 конкурс – 2001 адам, 98 акция және флеш-моб - 6683 адам, 97 семинар-тренинг - 3669 адам, 35 дөңгелек үстел – 783 адам, 36 сұрақ және жауап кештері – 338 адам, 647 дәріс пен сұхбат – 12556 адам, 263 спорттық шара – 7 787 адам. 

Сонымен бірге, баспасөз беттерінде 21 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде және медицина ұйымдарының веб-сайттарында 140 ақпарат орналастырылды.

«Жетісу» ТК-да, «Русское радио Азия» радиосында, Талдықорған қаласының бас көшелерінде орналасқан Лэд-экрандарда мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша аудио және бейне роликтер көрсетілді. Нашақорлықтың алдын алу бойынша 38 мың дана ақпараттық білім құралдары шығарылды.


Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 02.08.2019 17:50

Өзгертілген күні: 26.09.2019 08:29:07

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх