Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC

Жолдау талқыланды

 

17 қаңтар 2018 жылы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өңірлік оқу орталығында 2018 жылығ10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа өңірлік оқу орталығының білім берушілері мен мамандық алды даярлау тобы, жалпы алғанда 40 адам қатысты.

Отырыста баяндама жасаған өңірлік оқу орталығы бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Кемелбаев Даулет Барлыбекұлы Елбасы Жолдауының ерекшеліктеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауындағы он басымдықта көрсетілген тапсырмаларды алдағы уақытта жүзеге асыру бойнша жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Өңірлік оқу орталығының бастығы Сегізбаев Жанат Жақсылықұлы қатысушыларға Жолдаудың жетінші «Адами капитал-жаңғыру негізі» міндетіне тоқталды. Ол өз сөзінде: «Бұл міндет- білім берудің жаңа сапасы. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту тиіс. Педогогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Бұл-жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты» -, деп атап айтты.

Өз ойларын жеткізіп, қатысушылармен пікір алмасу сипатында өткен жиында өңірлік оқу орталығының қызметкерлері Елбасының Жолдауна шынайы қолдауларын білдіріп, ойларын ортаға салды.

Елбасы Жолдауын талдап түсіндіруге арналған жиынды өңірлік оқу орталығының бастығы Жанат Жақсылықұлы қорытындылады.

 

Өңірлік оқу орталығы

                   

 

 

 


Файлы:  Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 19.01.2018 14:50

Өзгертілген күні: 19.01.2018 14:52:45


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх