Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Дауды шешудің баламалы жұмсақ түрі – медиация



Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28-қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Елімізде  «Медиация туралы» заңның қабылдануы, медиацияның дамуы, өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі.  Бабалар билігінен бастау алған аталмыш заң сол күннен бастап жарты жылдан соң күшіне енді. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігін түсінгеніміз абзал. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық,  еңбек, отбасылық және өзге де құқық бұзушылық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ  онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. 

Медиатор медиация барысында екі жаққа да медиацияның рөлі мен оның құқытық әсерлері жөнінде толық мәлімет беруі тиіс. Бұл ретте екі жақтыңда құқығы бірдей және олардың бір-біріне сыйластықпен қарау керектігін түсіндіруі керек.  Медиатор екі жақтың да  талабын тыңдап, даудың шығу себебін тыңдап, қандай сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Қорытындыға келгенде екі жақ та шешімге өз еркімен келгеніне көзі жетуі керек. Сонымен бірге медиатордың қызметі кәсіпкерлік болып санлмайды, басқа да қызмет түрлерімен айналыса алады.

Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісімде медиация тарптары, даудың нысанасы, медиатор туралы деректер, сондай-ақ тараптар келісілген келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылады.

Қазіргі кезде медиаторлардың қатысуымен істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер – медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі.

А.Т. Сакенова, Алакөл ауданының №2 аудандық сотының бас маман - сот мәжілісінің хатшысы

 


Көріністер:  2063

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.02.2016 10:21

Өзгертілген күні: 25.02.2016 11:36:59

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх