Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

Сұрақ-жауап


Мұрағат

жиі қойылатын сұрақтар

09.11.2015 17:36 Асқар
Сұрақ: Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылының, Ержанов Бекен көшесінен 0,10 га шешім шыққанда қуанышымда шек болмады, құжаттар да тез шешіле бастады, мемлекетіміз ұисіздердің көбейгенін қаламай халыққа жаны аши бастаған ба деген ой келді, құжаттың бәрін дайындай келек бәр қырсық жер комитетіне келгенде басталды, бәр құжат дайын боп келгенде, мен алған жерден бір аяқ астынан файл пайда болады, сол файлды алу бұл бір ұлкен ғаламат шаруа болып шықты, бәрі бір жапырақ қағаз беріп отписка келесісі қабылдап телефонын беріп шығарып салады, айтылған уақытта қоңырау шалсаң не телефоны жауап бермейді немесе акиматта тіпті мазасын алсаң ұрса бастайды сізден басқа шаруамыз жоқ па, осындай ұш қағаздың артынан еремін деп міне екі жарым ай өтті әлі қашан бітетін тұрі жоқ, бұл жер комитетіне қызметін орындау талап сұраушы жоқ па тек Әкімнің қасынан шықпай көңілін табу керек пе, сонда халыққа кім қызмет етеді

Жауап

09.11.2015 17:31 Бота
Сұрақ: Құрметті Амандық Ғаббасұлы,

осымен сізге 3-ші рет бір сұрақты жазып отырмын, бірақ неге екені белгісіз өз жазған сұрағымды сіздердің блогтарыңыздан таба алмай отырмын. Осы жолы сұрағыма жауап алатын шығармын деген үміттемін.
Талғар ауданы , Бесағаш ауылы, Самал Саяжайының тұрғындары атынын сізге саяжайдағы жол және су, электр энергиясы туралы шағым айтпақшы едік:
1) Жол мәселесіне келетін болсақ, бізде мешіттің жанынан қалаға Думан ықшамауданы арқылы кіріп кететін екі жол бар еді, сол жолдарды осы көшеде тұратын бір тұрғындар тас төгіп, шұңқыр қазып, одан қалса бетондап жауып тастап отыр. Жергілікті халық қанша рет әкімге шағынса да, нәтиже болмай отыр. Тіпті әкімнің сөзіне де құлақ аспайтын бұлар не деген құдіретті жандар? (жақында жол ашылды)
2) Суға келетін болсақ, қаланың іргесінде тиіп тұрсақ та, жаз болса суды қайта- қайта өшіре береді. Биылғы 40 градустық ыстықта 3-4 күндеп су берілмеді. Берілген судың өзі таза емес.
3) Электр энергиясының бағасы қымбат, осыған дейін 28 теңге 1 кв- қа төлеп келгенбіз, осы жақыннан бері 25теңгеге түсті. Сонда да әлі қымбат. Жергілікті әкімшілік бұл кымбатшылықты сол жердегі электр энергиясын тарататын трансформаторларды Талғар өз қарауына алмай отыр, жекеменшік, сондықтан қымбат деп түсіндіреді. Бұл қаншалықты шындық екені де беймәлім.
Сізден өтініп сұрайтынымыз, осы сұрақтарға шешім табуға көмек көрсетсеңіз екен. Бізде тұрғындардың саны көп, мүмкін ауыл статусын алуға болатын шығар, бірнеше саяжайға бөліп алып алды алдына билік жүргізгенше. Ауыл статусын ала алсақ мүмкін бізді тыңдайтын үкімет орындары болатын шығар деп ойлаймыз.
Қаланың іргесінде тиіп тұрып осындай қарапайым нәрселерге қол жеткізе алмай отырғанымызға ашынамыз.

Жауап

09.11.2015 17:31 Асқар
Сұрақ: Сәлеметсіздер, мен бұгін 17,10,2015 Жәпек батырдың қасындағы Комсомол дегенге жетпей Дачный участок бар, қарындасым сол жерге ұи салып жатыр, ұиін бітіру ұшін ұш смен ыдыс жуып ақша табамын деп жұмыста, салынып бітпеген ұиде, кәрі шешем тұрады, дәрі дәрмегін апарып беріп тұрамын, ұиге кірсем свет жоқ, неге жоқ десем, жантайып жатсам сырттан кесіп кеткенін бірақ білдім 16,10,2015 кескен жұма кұні, әдейі сенбі жексенбі жұмыс істемейді, телефон көтермейді, көрейін бұлар светсіз өмірдің көкесін дегендей, мен өзі Алматыда КСК да электрик болып қызмет етемін, ұиде тұрмақ есік алдындағы кезекші шам өшіп қалса Акиматқа қоңрау шалып ТВ қоңырау шалып жер көкті шулатады, ал мына дачный участок құдайдан да безген бе, электросчетчик орнатқанына 20 000 тенге алған, орнатқандарына екі ай, біз қаланың ортасында электросчетчик орнатқанға 2000 - 5000 тенгенің арасында ақы аламыз, бұлар 20 000 басқалардың орнатқанын қаламайды, ұиде электр жарығына қарызы болмаған, тек бұрыннан тартылған электролиния ұшін 150 000 мың тенге төлемедіңдер деп кесіп кеткен, өздері қосылғанына екі ай болған жоқ, бітпей тұрған полсыз ұиге тұрып жатыр, барған да бір жаудың ұиіндей кесіп тастаған, киловаты 25 тенгеден алып жатыр, осының бәріне ақша төленсе де бір тұбіртек квитанция берілмейді, ақшаны санап беріп екінші келмесе екен деп құдайға сиынғаннан басқа тұк жоқ, бізде КСК да кесеміз бірақ 6 ай немесе бір жыл ескертеміз, киловаты 17 тенге квитанциясы қолға ұстатылады, бұл дачный участокта 20 000 мың бір берілді, киловаты 25 тенге, 150 000 тағы берлу керек, сонда бір тұбек квитанция берілмейді, бұндай жағдаймен ақшаны берілгенін қадағалау мұмкін емес, соны мен халықты тонай берудің амалы, осындай дачный участоктардың халық шулап қаншама ТВ дан көрсетілді, бірақ біздің билікке қортынды шығармайтын сияқты

Жауап

Сұрақ: Құрметті, облыс әкімі Амандық Батталов Мырза! 2011 жылы Кендала ауылынан жер сатып алып, ол жердің 2 гос. актісі және баска біреудікі болып шыкты.Әкім Тойбаев Әбдіғали Әбдіхалықұлының есігін тоздыра соңында, Министрдің сайтына жазып Тойбаев Әбдіғали Әбдіхалықұлы 8 сот.жер берді. Берілген жерге гос .акт шыкпады . Менің 5 балам бар ,улкен балам мүгедек 9 жаста .Жазған өтінішімді жауапсыз қалдырмай , шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап

Сұрақ: Салеметсізбе құрметті Амандық Ғаббасұлы! Менің сізге осы хатты жазу себебім,2 балам бар, 2-ші балам 2,5 жаста 1 топтағы мугедек ДЦП.Тұрмыстық жағдайымыз өзім үйдемін жұмыссыз, күйеуім ғана жұмыс істейді жалақысы төмен, пәтерді жалдап тұрамыз. Сіздерден сұрайн дегенім әкімдіктен мүгедек жандарға каржылай көмек көрсетіле ме ? Жоқ мүмкіндігінше көмір отын беріле ме?
Сондай-ақ біздің қаламызда мүгедек балаларға арналған реабилитациялық медициналық мекеме салына ма? Өйткені мүгедек баламен алыс қалаларға бару өте қиын, барлығы ақылы, қайта қайта барғанға қаражатымыз жетпейді. Қаламызды көркейтіп жатқаныңызға көп-көп рахмет! Сізге, бүкіл әккімдікке Алланың нұры жаусын дегім келеді.

Жауап


Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 ... 68 След.
Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх