Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Сұрақ-жауап


Мұрағат

жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Аса құрметті Амандық Габбасұлы! Мен Талдықорған қаласының тұрғынымын. 20 жылдан астам бала тәрбиелеп, ұстаздық қызмет етіп келемін. Екі қызым бар. Жалғызбасты анамын. Мені алаңдататын тұрғын үй мәселесі. Тұрғын үй кезегінде кезекте тұрмын. Алайда қашан алатыным белгісіз. Қазіргі уақытта оқу орны бөлген жатақханада уақытша тұрып жатырмын. Сізден өтініп сұраймын, маған қол ұшыңызды созып тұрғын үй мәселесін шешуге көмектессеңіз екен. Рахмет!

Жауап

Сұрақ: Құрметті Амандық Ғаббасұлы!

Мен Аухадиева Макен 1939ж туылғанмын, Батыр ана және Еңбек ардагерімін. Ұлы Отан соғысының ардагері болған Аухадиев Жұмабайдың (1922-2015ж.ж.) жесірімін, қаңтар айында шалым қайтыс болды, содан міне Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін күнде жетті, Менің Сізге қояр сұрағым маған яғни Ұлы Отан соғысының ардагерінің жесірі ретінде мемлекет тарапынан мерекелік жылда қандай көмек беріледі? Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарасу ауылдық округі әкімі Т.Б. Арғынбаевқа барғанымда Ұлы Отан соғысының ардагерінің жесірі ретінде де 70 жылдық медальда берілмейтінін, менің ол санатқа жатпайтындығымды айтты. Ол Қарасу ауылдық округі әкімі Т.Б. Арғынбаевтың түсіндіруі бойынша азаматтары соғыстан қайтпаған жесірлер ғана биылғы 70 жылдық мерекелік медаль алатын санатқа жататынын айтты. Сонда сонау жылдары азаматтары соғыстан қайтпаған жесірлер ғана құрметтеледі де, Отанын қорғап, еліне аман –есен келіп, мемлекетіміздің экономикасын көтеруге ат салысып, ғасырға таяған шағында өмірден өткен Аухадиев Жұмабайдың еш елеп- ескерусіз қалғаныма? Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Қ.Бекбаланов биылғы Жеңістің 70 жылдығына орай мемлекет тарапынын автокөлік берілетінін айтқан, енді міне оның орындалмайтынын ауыл әкімі Т.Б. Арғынбаев жеткізді.
Сізден еліміздің беделді азаматы және облыс әкімі ретінде жауап күтемін.

Жауап

Сұрақ: Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Сізге Жамбыл ауданының ұстаздар қауымының атынан хат жолдап отырмыз. Себебі, мектептерде тексеру жұмыстары шаш ал десен бас алатын саясатпен жүргізіледі.
Жамбыл аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес және жоспардан тыс мектептерде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Яғни мектептерде жан-жақты тексеру (фронтальный) немесе мектептер аттестатциядан өтеді. Қандай тексеру болса да кемшіліктерді анықтап оны түзетуге, методикалық көмек көрсету жұмыстары жүргізілмейді. Оған себеп білім бөлімінің басшысы Бакированың дұрыс басшылық жасамауынан. Тексеру барысында жазылған анықтамаларды жоққа шығарып қайта жаздыртады. Яғни бір тексеру барысында екі рет анықтама жазылады. Оған тағы бір себеп тиісті ставкасына қанағаттанбаудан. Мектеп мұғалімдері айтылған ставканы толық жинап береді, есесіне келесі тексеруге дейін ешкім алқымнан алмайды. Егер Бакированың қолына толық жетпесе оған мұғалімдердің кінәсі не.
Екінші себеп өшіккен немесе қытығынан тиген мектеп директорынан өш алу үшін тексеруге жіберліген комиссия мүшелеріне жақсы жағын жоққа шығарып тек жаман жағын асырып жазыңдар деп тапсырма береді. Ал содан кейін тексерудің қорытындысы бойынша жиналыста мұғалімдерді жерден алып жерге салады. Мектеп басшысына да аз таяқ тимейді. Сол арқылы өші кеткен мектеп басшысын мұғалімдер алдында жер қылып одан ләззат алатындай.
Бұдан да басқа Бакированың заңға қайшы істеген қылмыстық істері туралы Сізге әлдене ше рет жазылған. Жазылған нәрселер анық болса да анықталмады деп жауап қайтарылады. Бакирова бұл қызметте отырып ойына келгенін жасағалы 6 жыл болды, сондықтан ол кісіні босатып орнына аудандық білім бөлімін дұрыс басқаратын мамаанды қоюыңызды сұраймыз
Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Жамбыл ауданық білім бөлімі бойынша тексеру барысының талапқа сай жүргізілуіне ықпал етіп қанаушылықтың алдың алуыңызды сұраймыз.
Жамбыл аудандық мұғалімдер ұжымы

Жауап

Сұрақ: Менің әкем Қасымов Құмарбек 10,10,1935 жылғы, 1954 жылы Венгрия соғысының қатысушысы. 30 октябрь 1984 жылы Нарынқол әскери комиссариатынан Серия Г № 390100 номерлі куәлік берілген. Онда соғыс ардагерлеріне теңестірлгені жайлы. Ай сайын 10 000 тенге жеңілдік қарастырылған. Сүрақ: жыл сайын 9 мамыр женіс куніне орай барлық категориялар бойынша, ардагерлерге, тыл ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне, чернобылдықтарға, ал әкем осы уақытқа дейін ешқандай жеңілдік алып корген емес. Сонда өкіметтің берген санаты, соғыс ардагері деген дәрежесі қайда?
Ұлы Ауған соғысы ардагері запастағы капитан Құмарбеков Фархат Құмарбек ұлы

Жауап

Сұрақ: Сәлеметсіз бе? Мен Мейрманова Эльмира Мұсақызы "Алматы облысының тумасына Қозыбаков Ержан 7 тамыз 1983 ж, тұрғылықты жері Еңбекші-қазақ ауданының саяжайында тұратын азаматқа" арыз-шағым жасайын деп едім. Бұл азамат маған 7 соток жер сатамын деп, менен 600 000 тг алып жердің құжаттарын жасап беремін деп қол хат жазып берген, бірақ әлі күнге дейін жердің құжаттарын жасап бермей, қашып жүр. Қол хатты нотариуста емес, 2-3 куәгерлердің көзінше жазып, жеке куәлігінің көшірмесін берген. Қайда барып шағымданып, жерді тым болмағанда ақшамды өтеп алсам болады.

Жауап


Страницы: Пред. 1 ... 35 36 37 38 39 ... 68 След.
Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх