Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Сұрақ-жауап


Мұрағат

жиі қойылатын сұрақтар

05.11.2015 10:00 Ершат Аршын
Сұрақ: Құрметті әкім мырза тағы мазалаганыма кешірім сұрайм. Мен әкім грантымен Асфендияровта оқып жатырмын . Бірақ оқудың қаражаты түспей жатыр , ауданмен хабарға шықсақ олар бізге жиналуы қиын құжаттар сұрады, тіпті кейбір органдар ондай құжаттар бере алмаймыз дейді .

Жауап

05.11.2015 10:00 Марғұлан
Сұрақ: Сәлеметсізбе, біз досым екуіміз чеснок, петрушка, укроп және пияз өсірумен айналысайық деп едік, "ИП" бар, бірақ Алматы қаласының Бостандық ауданында тіркелген. үкіметтен дәндер(семена) алуға көмек керек, қайда баруымыз керек?

Жауап

Сұрақ: Құрметті Амандық Ғаббасұлы!
Қаратал ауданының тұрғындары атынан анонимді арызды Cіздің атыңызға түскенін оқып, біз әкіміміздің жанашырлары және нағыз ол арыздың жала екенін дәлелдеуші азаматтар әкімімізді Қайрат Әшірәліұлы Бисембаевты қолдаймыз және қорғаймыз. Бұл азаматтың сөзін сөйлеп отырғанымыз Қ. Ә Бисембаев өз ісінің азаматы. Қызметке келе салып ауданымызда өтіп жатқан іс шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, оң нәтижелі, мәселен: Үштөбе қаласы бойынша шойын жолдың арғы бетіндегі көшелер Нұрмахамбетов көшесі, А.Молдағұлова, Железнодорожная көшесі 20 жыл бойы жөндеу көрмеген, сол көшелер бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өтті. Халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғындар ризашылығын білдіруде, сіздің атыңызға алғысымыз шексіз.
Білім саласына келетін болсақ, білім бөлімінің бастығы Асхат Бейсбаев қызметінен өз еркімен кетті. Аудан әкімі тарапынан қыспақ көрсетілген жоқ. Білім бөлімінің басшысын тағайындау жалпы ел арасында талқыланып және мектеп директорларының пікірлерін ескере отырып, ақсақалдардың қолдауымен Қайрат Қасымовты жергілікті азамат деп әкім тағайындады. Жергілікті халық өз азаматының тағайындалғанына риза. Бұның өзі Қ. Бисембаевтың көрегендігі. Ал Қызылбалық ауылдық округінің әкімі М. Төлегенов жұмыстан әлі кеткен жоқ. Бірақ денсаулығына байланысты қызметтен босату туралы арызын бергені рас. Қазіргі уақытта өз қызметін атқаруда. Аудан әкіміміздің мамандығы құрылысшы болғандықтан ауданның инфрақұрылымына үлкен үлес қосуда. Мысалы: Үштөбе қаласында 320 орындық балабақша құрылысы үлкен қарқынмен басталып кетті.Д. Қонаев даңғылындағы қаңырап тұрған екі үйдің біреуінің күрделі жұмыстары жүріп жатыр.
Елбасы тапсырмасы бойынша бос игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, қайтарылған жер көлемі- игеретін азаматтарға берілуде.
Құрметті Амандық Ғаббасұлы ауданға берілген тапсырма бойынша қант қызылша дақылын 560 га егу жоспары орындалды. Қ. Бисембаев өзі алқаптардың басына барып шаруа қожалықтармен кездесіп көмегін көрсетті.Оған дәлел су тапшылығын көрмесін деп,Тентек өзенін Күшік-Кәлпе каналына бұрып қосты. Осыны көрген ел, алғысын білдіруде.Әкім Қ. Бисембаевтың еңбегі мәдениет саласы бойынша арызда көрсетілгендей, өткізіліп жатқан іс-шаралар осы жергілікті халыққа рухани байлық беру мақсатында жүргізілуде. Бұл салада да өзінің қатысуымен үлкен үлес қосып жатыр.
Үйлерінде отырып алып қызмет жасап жүрген басшыны көреалмаушылық, қызғаныш, аяқтан шалу біздің қазаққа жарасқан дүние ішімізді қынжылтады.Екі жеңін түріп қызметке араласа кетіп осы ауданды қалай гүлдендірем деген мақсатының өзі түрінде тұр емес пе? Біз аудан жұртшылығы жала жауып отырған адамдарды қолдаудан аулақпыз.Жазылған арыздағының бәрі өтірік, бәрі жала жабу.Әкіміміз Қ. Ә. Бисембаев үшін керек болса алдыңызға келелі сөзін сөйлеп, оған біз дайынбыз.

Есботанов Қ.Ө.
Абақов Б. Ж.
Онғаров Қ.Т.
Уалиев Ғ.
Батырбеков Б.
Баясилова А.
Берлинбаев Б.Қ.
Аудан ақсақалдары: Дөненбаев .Д.Б.
Жұлынов.Т.Б.

Депутаттар: Құмаров Б.
Молжигитов И.

Жауап

Сұрақ: Курметти аким мырза! Орысша ариппен жазганыма кеширим сураймын. Мен Камсамол ауылынын тургынымын. Жолдасым кайын синилим екеуи ата анасынан ерте айырылган. Тул жетимдерге уй бериледи деп осыдан 10 жылдан бурын кезекке турган. Кезеги али кунге жете алмай келеди. Озим жакында курдели операциядан шыктым. Бир балам бар. Кыс болса келип калды. Жолдасым охраник боп эумыс жасайды. Жалакысы 40000 жетпейди. Сол кезегинин жететин уакыты болдыда гой. Озиниздин кадагалауынызды сураймын!

Жауап

03.11.2015 10:56 Мұғалімдер
Сұрақ: Құрметті әкім мырза сізге Алматы обылысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округна қарасты №9 орта мектеп ұжымы , мұғалімдері.Осы мектептің директоры Нурмуханбетов Ғабидолла Қабдылзиятұлы мен оның орынбасары Темирханова Нурғиза Тұрысбекқызы екуі мектепте үлкен әділетсіздікпен басқарып келеді.Ұжымнан ай сайын әр мұғалімнен 300 теңгеден ақша жиналады ол ақшаны қайда кетіп жатқаның білмейміз.Тіпті Нурмуханбетов Ғабидолла Қабдылзиятұлы ұжымға қайда жазсандар сонда жазындар бәрбір мен ақша жинаймын деген еді. Темирханова Нурғиза Тұрысбекқызы Жас мамандардан және біліктілік санаттан өтетің мұғалімдерден 40000-30000 теңгеге диін жиналды. Сонда біздің мектепте ақша жиналған жағыдайда біліктілік саннатан өтема? Мәселен Былтырғы жылы Исаева Аида Ануарқызы ,Болсамбекова Гүлнәр Егеутайқызы .Жұмабаев Көпберген деген кісілер осындай сомада ақша берсен өттік деп мақтанышпен айттып жүрді.Темирханова Нурғиза Тұрысбекқызы өзінің бір сөзінде "Мен кез келген жерден , кез келген қағазды алып бере аламын , таныста абройда жетеді " деп айтқан еді осы жайлы арыздар ешқашан қаралмайды себебі Темирханова Нұрғиза Тұрысбекқызы таныстарын қосып ұжымды қорқытып сағаттарына тисіп сабақтарына қатысып. Мезі қылады. Мектеп директоры ер басымен әйелдердің қанқу әңгімесін андып отырып . Кезек- кезек ұстаздарды сабағынан шықырып алып сөз қуалайды. Ақша жинау мәселесі жайлы Іле аудандық прокаратурасы да келіп тексеріп ешқандай шара қолданылмады. Сонда бідің осы ауданда осы обылыста ақшасы барлармен таныстары барлар ғана жүре береме ойына келгенің істеп.? Құрметті әкім біз шаршадық бізге кішкене көмегініз болса сұраймыз Осы сұрақтан соң біздің ұжымға мәжбірлеп арыз жаздырып қол қойдырылады ешқандай арыз қаралмасын деген.Оныда осы кісі таныстары арқылы шешеді.

Жауап


Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 6 ... 68 След.
Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх