Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -10 oC

Сұрақ-жауап

жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Амандық аға?!!!? Сізге деген 1-2 сұрақ пен өтінішім бар. Мен осыдан 4 ай бұрын хат жазып, сол кезде әкемнің осы жылғы наурыз айының 31 күні қайтыс болғанын артында анам мен 6 бауырым қалғанын айтқан болатынмын. Сол кезде маған әкім грантын беруіңізді сұрап едім. Сол кезде бұл іспен Көксу ауданының Білім басқармасы айналасу керектігін айтқансыз. Себебі, мен қаладан бітірсем де тұрғылықты жерім сол жерде болғандықтан Көксу ауданының Білңм басқармасына барған болатынбыз. Бірақ ол жердегі қызметкерлер әкемді танитындықтан және мал-мүлік туралы мәліметті білгендіктен, 1 күндік шығынымнын құнын есептемей бірден грантқа үміттенбей-ақ қойыңыздар деп қайтарып жіберді. Сұрағым әкемнің мал-мүлкі менің әкім грантын алуға кедергі бола ма?! Және де Көксу ауданы Білім басқармасы мән-жайды түсіндірмей бірден қайтарып жібергені дұрыс па?! Қазіргі таңда тәуелсіздігімізді алған, зайырлы мемлекетте тұрып, ауасын жұтып жатқандықтан әрбір мемлекет қызметкері халық үшін қызмет етуі керек. Маған неліктен әкім грантын бермейтінін нақты түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Әкім гранты маған ауадай қажет, себебі мен "Үздік аттестатқа" бітірейін деп жатқан кезде, ауыр жағдай басымнан өтіп, біраз ес жия алмай қалдым. Бірақ осы уақытқа дейін қатысқан түрлі олимпиада, ғылыми-жобадан алған мақтау қағаз, дипломдарым бар. Қазіргі таңда Семей Мемлекеттік Медицина Университетте білім алудамын. Болашақта Алматы облысына еңбегім сіңетіндей азамат болғым келеді. Әрине ең бірінші сіздердің қолдауларыңыздың арқасында

Жауап

05.11.2015 10:00 Ершат Аршын
Сұрақ: Құрметті әкім мырза тағы мазалаганыма кешірім сұрайм. Мен әкім грантымен Асфендияровта оқып жатырмын . Бірақ оқудың қаражаты түспей жатыр , ауданмен хабарға шықсақ олар бізге жиналуы қиын құжаттар сұрады, тіпті кейбір органдар ондай құжаттар бере алмаймыз дейді .

Жауап

03.11.2015 10:56 Мұғалімдер
Сұрақ: Құрметті әкім мырза сізге Алматы обылысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округна қарасты №9 орта мектеп ұжымы , мұғалімдері.Осы мектептің директоры Нурмуханбетов Ғабидолла Қабдылзиятұлы мен оның орынбасары Темирханова Нурғиза Тұрысбекқызы екуі мектепте үлкен әділетсіздікпен басқарып келеді.Ұжымнан ай сайын әр мұғалімнен 300 теңгеден ақша жиналады ол ақшаны қайда кетіп жатқаның білмейміз.Тіпті Нурмуханбетов Ғабидолла Қабдылзиятұлы ұжымға қайда жазсандар сонда жазындар бәрбір мен ақша жинаймын деген еді. Темирханова Нурғиза Тұрысбекқызы Жас мамандардан және біліктілік санаттан өтетің мұғалімдерден 40000-30000 теңгеге диін жиналды. Сонда біздің мектепте ақша жиналған жағыдайда біліктілік саннатан өтема? Мәселен Былтырғы жылы Исаева Аида Ануарқызы ,Болсамбекова Гүлнәр Егеутайқызы .Жұмабаев Көпберген деген кісілер осындай сомада ақша берсен өттік деп мақтанышпен айттып жүрді.Темирханова Нурғиза Тұрысбекқызы өзінің бір сөзінде "Мен кез келген жерден , кез келген қағазды алып бере аламын , таныста абройда жетеді " деп айтқан еді осы жайлы арыздар ешқашан қаралмайды себебі Темирханова Нұрғиза Тұрысбекқызы таныстарын қосып ұжымды қорқытып сағаттарына тисіп сабақтарына қатысып. Мезі қылады. Мектеп директоры ер басымен әйелдердің қанқу әңгімесін андып отырып . Кезек- кезек ұстаздарды сабағынан шықырып алып сөз қуалайды. Ақша жинау мәселесі жайлы Іле аудандық прокаратурасы да келіп тексеріп ешқандай шара қолданылмады. Сонда бідің осы ауданда осы обылыста ақшасы барлармен таныстары барлар ғана жүре береме ойына келгенің істеп.? Құрметті әкім біз шаршадық бізге кішкене көмегініз болса сұраймыз Осы сұрақтан соң біздің ұжымға мәжбірлеп арыз жаздырып қол қойдырылады ешқандай арыз қаралмасын деген.Оныда осы кісі таныстары арқылы шешеді.

Жауап

Сұрақ: Құрметті Сізге өтініш өкпелерін жазып отырған Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласы филиалында Қ.Р. педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап,сертификат алған Панфилов ауданының мұғалімдері. Біз 2015 жылдың 26 қаңтары мен 3 мамыр аралығында деңгейлі курсты оқыдық. Шеберлік орталығында білімізді жентілдіріп өз мектептерімізге көшбасшы ретінде оралып,қызу жұмысқа кірісіп те кеттік.Бірақ біз деңгейлі курс бағдарламасын меңгерген мұғалімдерге қосылатын үстемақыны ала алмай отырымыз. Жергілікті аудандық ,қалалық есеп бөлімдері сертификат алғаннан кейін үстемақы қосылып төленеді деген еді. Өкінішке орай қыркүйек айында вице министрдің хатына негізделген 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі сертификатталған мұғалімдерге ғана үстемақы төленсін деген облыстық білім департаментінің бұйрығы келіп бізді мүлде тарифтен шығарып үстемақы төленбейтінді айтылды. Біз осы сұрақпен көптеген жерлерге шықтық, сонда бізге айтылғаны ол ақша бюджеттен бөлініп болған ,оны облыс әкімінен сұраңыздар деген жауап алғаннан кейін сізге өтініш жазып отырмыз. Біздің түсінбей отырғанымыз , 2015 жылы оқыған мұғалімдердің білімі мен білігі жетіспейді деп ойлап үстемақы қоспай отыр ма? Құрметті әкім мырза,үстемақы төленбесе бізден бұрынғы оқығандарға да төленбесін, сонда біз өзімізді кінәлі сезінбейтін едік. Біздің осы хатымызға дұрыс шешім шығатынына сенімдіміз және сізден жауап күтеміз.

Жауап

21.10.2015 12:02 Гулназ
Сұрақ: Құрметті, облыс әкімі Амандық Батталов Мырза! Мен сізге екінші рет хат жолдап оттырмын. Бірінші хатымды сәуір айында жолдап тиісті жауап алған болатынмын, бірақ сол берілген жауап әлі орындалмай отыр. 2014 жылдың 2-қыркүйегі мен 30-қараша аралығында педагог қызметкерлерді қайта даярлаудың екінші деңгейлі курсынан аудан бойынша бірнеше мұғалім өткен болатынбыз. 2014 жылдың 15 желтоқсанда сертификатқа ие болдық. 2014-2015 оқу жылының екінші жарты жылдығында қосылатын 70 пайыздық үстемені әлі ала алмай келеміз. Тиісті орындарға барғанымда сұраныс жібердік әлі қаржы ала алмай отырмыз деген жауап алдым. 2015 жылдың қаңтар айынан бері қаржы неге аударылмайды? Неліктен жіберген сұраныстар қанағаттандырылмай отыр? Республика бойынша, Алматы облысы бойынша бітірген барлық мұғалімдер үстемені толық алып отыр, тек Панфилов ауданы бойынша бітіргендер алмадық.2015-2016 оқу жылы басталды, өткен оқу жылындағы үстемақы төленбей жатыр.Осының себебін анықтап,өткен 2014-2015 оқу жылының екінші жартысынан төлеп беруге тиісті қаржыны алып беруіңізді сұраймыз.

Жауап


Страницы: 1 2 3 4 5 ... 12 След.
Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх