Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

Қорғанбаева Меруер

15.11.2015 17:06
Сұрақ: Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Менің сізге қояйын деген сұрағым біздің көшедегі газ тарту мәселесі қашан шешіледі екен? Мен орталық трассада орналасқан Нұрдаулет дүкенінің қасында тұрамын менің үйімнен жаңа салынған мектепке дейін 1 жарым километр жерде газ тартылғанына 3 жыл болды. Бізден арғы екінші отделениеде газ бар ортасында біз қалып қойдық тездетіп осы сұрақты шешуіңізді сұраймын.

Жауап: Ағымдағы жылы Іле ауданы әкімдігінің басшылығымен және «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «ЖетісуОблГаз» ЖШС, «Алматы ГазСервисХолдинг» АҚ, кәсіпорындармен бірлесе «Іле ауданың газдандыру» тақырыбына жиналыс өткізілген болатын. Атап айтқанда соның ішінде Ащыбұлақ ауылының елді мекендеріне газ жүргізу жұмыстары талқыланған болатын, жиналыста инвестициялық компанияларды ауыл іші табиғи газдың жүйелерін жүргізуге тарту шешім қабылданған болатын.
Қазіргі таңда инвестициялық компанияларға жобалар ұсынылып келіссөздер жұргізілуде.


Возврат к списку

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх