Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Сұрақ-жауап

жиі қойылатын сұрақтар

05.11.2015 10:00 Марғұлан
Сұрақ: Сәлеметсізбе, біз досым екуіміз чеснок, петрушка, укроп және пияз өсірумен айналысайық деп едік, "ИП" бар, бірақ Алматы қаласының Бостандық ауданында тіркелген. үкіметтен дәндер(семена) алуға көмек керек, қайда баруымыз керек?

Жауап

12.08.2015 10:56 Аманова Райхан
Сұрақ: Құрметті әкім мырза!
Біз Есік қаласының тұрғындары, біздің қаламыздың әкімі қашан жұмыс істей бастайтынын сізден білгіміз келіп отыр. Қала бұрын әп әдемі таза, арықтарынан суы ағып тұрушы еді. Қазір үш жыл болды қаланың жартысы ағын сусыз отыр.Әкімшілік көшесіне арық салған одан су ақпайды, себебі одан су ағатын арықты біреу жекешелікке алыпты. Ол су бермей отыр. Мына ыстық күнде ағаштың барлығы қурап қалды. Біздің естуімізше сіз арықтардың бәрін өкіметке қайтарыпсыз. Сонда біздің көшелермен су ағатын Восточный деген канал неге өкіметке қайтпаған? Біздің аудан коррупцияның жанып тұрған ауданы болғандықтан сізден тығып қалды ма?

Жауап

Сұрақ: Ассалаумагалейкум Амандық Габбасұлы! Алакөл ауданынының бос жерлерінен шаруа қожалығын жүргізу үшін жайылымдық жер алуға қандай мекемеге өтініш беру керек және қанша уақыт қаралады? Рахмет

Жауап

Сұрақ: Алматы облысының әкімі
А.Баталовқа


«Ерген» шаруа қожалығының
басшысы Р.Әбдірахмановтан
мекен жайы:
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Ақтасты ауылы, Мүсірәлиев к-сі 9 үй
эл.почта: boss.dos79@mail.ru


Өтініш хат
Сусидиялау мәселесіне қатысты


«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014 жылдың шілде айында бөлінген несие қаражатына «Ерген» шаруа қожалығы 95 бас аналық ірі қара малын сатып алды. Осы бағдарламаның талабына сәйкес, 2014 жылдың 17 қыркүйегіндегі сатып алу сату келсім шартымен «Байсерке-Агро» ЖШС-нен асыл тұқымды 4 (төрт) қазақтың ақбас бұқалары сатып алынды (жастары – 1 жас 6 ай).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес», етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізуге тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басына 18 000 теңге көлемінде субсидия берілетіндігі бекітілген.
Жоғарыдағыға байланысты төмендегі сұрақтарым бойынша қолданыстағы заңнаманың қағидаларына сілтеме жасай отырып, жауап беруді сұраймын:
1. 2015 жылға "Ерген" шаруа қожалығындағы 95 бас тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басына 18 000 теңге көлеміндегі субсидияның берілетіндігі туралы;
2. Аталған сусидияны алу үшін субсидия беретін мемлекеттік органға тапсырылатын құжаттардың тізбесі туралы;
3. Субсидия беруге қабылдайтын мемлекеттік органға тапсырылған тиісті құжаттардың қаралу мерзімі қанша.


Құрметпен
«Ерген» шаруа қожалығының басшысы,
Р.Әбдірахманов

Жауап

30.04.2015 10:03 Ғабидолла
Сұрақ: Ассалаумағалейкум! Елбасының қаулысымен 2011 жылы мораторий бекітілген. Әр бір мараторийдің белгіленген мерзімі болады. Қашан бітеді мараторий? осы сұрағыма толыққанды жауап беруіңізді өтінемін.

Жауап


Страницы: 1 2 3 След.
Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх