Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Сұрақ-жауап

жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Құрметті Амандық Баталов мырза!!!
     Сізді Балқаш ауданындағы Қарой селосына келеді деп күтудеміз. Сіздің уақытыңыздың аз екенін біз жақсы түсінеміз. Сонда да болса келіп қайтуыңызды сұраймыз. Сіздің келуіңіз ауданның, оның ішінде Қарой ауылының болашағына игілікті әсері болады деп үміттенеміз. Сондықтан да уақыт тауып келіп қайтуыңызды сұраймыз. 
     Тұрғындар атынан аса құрметпен , Жұмабеков Мырзағали!!!

Жауап

Сұрақ: Құрметті, облыс әкімі Амандық Батталов Мырза! 2011 жылы Кендала ауылынан жер сатып алып, ол жердің 2 гос. актісі және баска біреудікі болып шыкты.Әкім Тойбаев Әбдіғали Әбдіхалықұлының есігін тоздыра соңында, Министрдің сайтына жазып Тойбаев Әбдіғали Әбдіхалықұлы 8 сот.жер берді. Берілген жерге гос .акт шыкпады . Менің 5 балам бар ,улкен балам мүгедек 9 жаста .Жазған өтінішімді жауапсыз қалдырмай , шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап

09.11.2015 16:51 Касымова Назия
Сұрақ: Құрметті Амандық Габбасұлы! Мен биыл математика мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алдым. Алайда қазіргі таңда математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс жасай алмаймын. Себебі бүгінгі күні жас маманның жалақысы өте аз болғандықтан пәтер жалдап тұруға жетпейді. Анам да 20 жылдық еңбек өтілі бар жоғары категориялы мұғалім. Бүгінгі күні анам тұрғын үй мәселесі бойынша кезекте тұр. Алайда ешқандай өзгеріс жоқ. Сондықтан анама көмек болсын деп, еркімнен тыс басқа жұмысқа орналасуға тура келді. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс жасағым келеді. Облыс әкімі ретінде тұрғын-үй мәселесін шешуге қол ұшыңызды берсеңіз өз мамандығым бойынша жұмыс жасасам деген ойдамын. Көп рахмет!!!

Жауап

Сұрақ: Құрметті Амандық Ғаббасұлы!
Қаратал ауданының тұрғындары атынан анонимді арызды Cіздің атыңызға түскенін оқып, біз әкіміміздің жанашырлары және нағыз ол арыздың жала екенін дәлелдеуші азаматтар әкімімізді Қайрат Әшірәліұлы Бисембаевты қолдаймыз және қорғаймыз. Бұл азаматтың сөзін сөйлеп отырғанымыз Қ. Ә Бисембаев өз ісінің азаматы. Қызметке келе салып ауданымызда өтіп жатқан іс шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, оң нәтижелі, мәселен: Үштөбе қаласы бойынша шойын жолдың арғы бетіндегі көшелер Нұрмахамбетов көшесі, А.Молдағұлова, Железнодорожная көшесі 20 жыл бойы жөндеу көрмеген, сол көшелер бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өтті. Халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғындар ризашылығын білдіруде, сіздің атыңызға алғысымыз шексіз.
Білім саласына келетін болсақ, білім бөлімінің бастығы Асхат Бейсбаев қызметінен өз еркімен кетті. Аудан әкімі тарапынан қыспақ көрсетілген жоқ. Білім бөлімінің басшысын тағайындау жалпы ел арасында талқыланып және мектеп директорларының пікірлерін ескере отырып, ақсақалдардың қолдауымен Қайрат Қасымовты жергілікті азамат деп әкім тағайындады. Жергілікті халық өз азаматының тағайындалғанына риза. Бұның өзі Қ. Бисембаевтың көрегендігі. Ал Қызылбалық ауылдық округінің әкімі М. Төлегенов жұмыстан әлі кеткен жоқ. Бірақ денсаулығына байланысты қызметтен босату туралы арызын бергені рас. Қазіргі уақытта өз қызметін атқаруда. Аудан әкіміміздің мамандығы құрылысшы болғандықтан ауданның инфрақұрылымына үлкен үлес қосуда. Мысалы: Үштөбе қаласында 320 орындық балабақша құрылысы үлкен қарқынмен басталып кетті.Д. Қонаев даңғылындағы қаңырап тұрған екі үйдің біреуінің күрделі жұмыстары жүріп жатыр.
Елбасы тапсырмасы бойынша бос игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, қайтарылған жер көлемі- игеретін азаматтарға берілуде.
Құрметті Амандық Ғаббасұлы ауданға берілген тапсырма бойынша қант қызылша дақылын 560 га егу жоспары орындалды. Қ. Бисембаев өзі алқаптардың басына барып шаруа қожалықтармен кездесіп көмегін көрсетті.Оған дәлел су тапшылығын көрмесін деп,Тентек өзенін Күшік-Кәлпе каналына бұрып қосты. Осыны көрген ел, алғысын білдіруде.Әкім Қ. Бисембаевтың еңбегі мәдениет саласы бойынша арызда көрсетілгендей, өткізіліп жатқан іс-шаралар осы жергілікті халыққа рухани байлық беру мақсатында жүргізілуде. Бұл салада да өзінің қатысуымен үлкен үлес қосып жатыр.
Үйлерінде отырып алып қызмет жасап жүрген басшыны көреалмаушылық, қызғаныш, аяқтан шалу біздің қазаққа жарасқан дүние ішімізді қынжылтады.Екі жеңін түріп қызметке араласа кетіп осы ауданды қалай гүлдендірем деген мақсатының өзі түрінде тұр емес пе? Біз аудан жұртшылығы жала жауып отырған адамдарды қолдаудан аулақпыз.Жазылған арыздағының бәрі өтірік, бәрі жала жабу.Әкіміміз Қ. Ә. Бисембаев үшін керек болса алдыңызға келелі сөзін сөйлеп, оған біз дайынбыз.

Есботанов Қ.Ө.
Абақов Б. Ж.
Онғаров Қ.Т.
Уалиев Ғ.
Батырбеков Б.
Баясилова А.
Берлинбаев Б.Қ.
Аудан ақсақалдары: Дөненбаев .Д.Б.
Жұлынов.Т.Б.

Депутаттар: Құмаров Б.
Молжигитов И.

Жауап

Сұрақ: Курметти аким мырза! Орысша ариппен жазганыма кеширим сураймын. Мен Камсамол ауылынын тургынымын. Жолдасым кайын синилим екеуи ата анасынан ерте айырылган. Тул жетимдерге уй бериледи деп осыдан 10 жылдан бурын кезекке турган. Кезеги али кунге жете алмай келеди. Озим жакында курдели операциядан шыктым. Бир балам бар. Кыс болса келип калды. Жолдасым охраник боп эумыс жасайды. Жалакысы 40000 жетпейди. Сол кезегинин жететин уакыты болдыда гой. Озиниздин кадагалауынызды сураймын!

Жауап


Страницы: 1 2 3 4 5 ... 9 След.
Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх