Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

Жұмабеков Мырзағал

16.11.2015 16:35
Сұрақ: Құрметті Амандық Баталов мырза!!!
     Сізді Балқаш ауданындағы Қарой селосына келеді деп күтудеміз. Сіздің уақытыңыздың аз екенін біз жақсы түсінеміз. Сонда да болса келіп қайтуыңызды сұраймыз. Сіздің келуіңіз ауданның, оның ішінде Қарой ауылының болашағына игілікті әсері болады деп үміттенеміз. Сондықтан да уақыт тауып келіп қайтуыңызды сұраймыз. 
     Тұрғындар атынан аса құрметпен , Жұмабеков Мырзағали!!!

Жауап:

Қарой ауылының маңындағы Нарын өзенінен су тарту, егін шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелер ағымдағы жылдың 20 қарашасында аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуінде талқыланған. Сіз осы жиынға қатысып, жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар болдыңыз.

Ауыл маңынан ағатын Нарын өзенінің арнасы бекітіліп, дамбы жасау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы арқылы бөгеттің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өкізіліп, дайындалған. Бөгетті жөндеу жұмыстары облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 2016 жылғы жоспарына енгізілді.

Облыс әкімінің Балқаш ауданына іссапары жұмыс графигіне енгізілген жағдайда алдын ала хабарланатын болады.

 

 


Возврат к списку

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх