Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +5 oC

Әлеуметтік карта

Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігінде көпбалалы, күнкөрісжағдайы төмен отбасыларын және мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік статусын, материалдық жағдайын мониторингтеуге арналған облыстың әлеуметтік картасы жасалуда. Карта 253 аулықдық округтердің шаруашылық кітаптарының электрондық нұсқасы болып табылатын е-Халық ақпараттық жүйесімен интеграцияланады. 

Интеграциялау әлеуметтік картадағы деректерді уақытында өзектендіруге және мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететіне әлеуметтік әлжуаз отбасыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар е-Халық ақпараттық жүйесін басқа да қолданыстағы жүйелермен интеграциялау ішкі және сыртқы қоныс аудару мониторингін жүргізуге, отбасының кірістерін анықтауға, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы ақпарат алуға, жұмыссыз ретінде тіркелуге, әлеуметтік мекемелерді (ауруханалар, мектептер, балабақшалар) салу қажеттілігін болжауға, сонымен қатар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды өткізуге мүмкіндік береді.


Орналастырылған күні: 12.04.19 11:11

Өзгертілген күні: 12.04.2019 11:12:17

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх