Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

Цифрлық сауаттылықты арттыру

Сіз цифрлық әлемнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келе ме? Онда Сізді цифрлық сауаттылықты арттыру курсына шақырамыз. Ол жерде Сіз:

- интернет және мобильдік гаджеттердің мүмкіндіктері туралы;

- деректерді сақтау, беру тәсілдері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы біле аласыз.

Сонымен қатар:

- онлайн режимде тауарларды сатып алу, сату және қызметтер көрсетуді;

- мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды;

- мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, оларды өз жұмысыңызда қолдануды үйренесіз.

Курс 2019 жылдың 17 маусымынан басталады және Қазақстанның барлық өңіріндегі мектептер мен кітапханалар базасында өтеді. Алматы облысында қашан өтетінін және оқыту орнын білу үшін 8 (7282) 401160 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Цифрлық Қазақстан – жаңа мүмкіндіктерге ұмтыл! 


Орналастырылған күні: 29.05.19 12:37

Өзгертілген күні: 29.05.2019 12:42:47

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх