Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
Кәсіпкерлерді «Іскерлік байланыс» және «Аға сеньорлар» жобаларына қатысуға шақырамыз!

Кәсіпкерлерді «Іскерлік байланыс» және «Аға сеньорлар» жобаларына қатысуға шақырамыз!

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және аудандық кәсіпкерлік қолдау көрсету орталықтары арқылы «Іскерлік байланыстар» құрамы және «Аға сеньорлар» құрамдаушыға қатысуға кәсіпкерлерден өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

«Іскерлік басланыстар» құрамы «Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ХШҰ-ның қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.

«Іскерлік байланыстар» құралы екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Бұл кезеңде кәсіпкерлікті жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, маркетингті, бизнес-әріптестермен іскерлік байланыс орнатуды және басқаларды оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру жолымен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру жүргізіледі. Оқыту процесінде құралға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпорнының бизнес-жоспарларын әзірлейді

Екінші кезең құралға қатысушылар үшін шет елдерде тегін тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді, және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстарды орнатуға.

«Іскерлік байланыстар» құрамына қатысу шарттары:

Қатысушының лауазымы мекеменің жоғарғы немесе орталық сілтеменің басшы орынбасарынан төмен болмауы тиіс.

«Аға сеньорлар» құрамдаушысы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.

«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту» құрамдауышын іске асырудың шарттары:

1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрамдауыштың қатысушылары бола алады;

2) құрамдауыш бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;

3) шетелдік сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтері бойынша шығыстарды төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

4) шетелдік сарапшылардың көліктік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға жүгінуге болады: Талдықорған қаласы, 8 шағын ауданы, Көрме кешенінің ғимараты, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, 8 (7282) 401-477.

Аудандарда өтініш беру үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінуге болады. Толығырақ: taldykorgan.atameken.kz

 


Орналастырылған күні: 01.02.19 16:20

Өзгертілген күні: 01.02.2019 16:26:01

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх