Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +35 oC

Тасымалдаушылардың назарына!

Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы, «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) жыл сайын көктемгі мезгілде дара білікке жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының ҚР жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды.

Осы шектеулер IV жол-климаттық аймаққа-тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында осы Бұйрықтың – 2 қосымшасына сәйкес әрекет етеді.

Бұл мезгілде автокөлік құралдарының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен жүріп өтуі кезінде, осы Бұйрықтын 3-қосымшамен белгіленен автокөлік құралдарының дара, қосарланған және үштік біліктеріне рұқсат етілетін біліктік массалар сақталуы тиіс.

Өз кезегінде, шектеулер халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды және зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалдарын жүзеге асыратын, сондай-ақ қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайтынын атап өтеміз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясына хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Шевченко к-сі. 131 үй, телефон: 8 (7282) 24-29-47, 24-55-01


Орналастырылған күні: 14.02.19 15:40

Өзгертілген күні: 14.02.2019 15:48:07

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх