Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +27 oC
Кәсіпкерлерге өте қажетті мобильді қосымша

Кәсіпкерлерге өте қажетті мобильді қосымша

03.05.17 10:15

Кәсіпкерлерге өте қажетті мобильді қосымша

Қазақстанның Бас прокуратурасы кәсіпкерлерлердің құқығын қорғау мақсатында жаңадан әзірленген «Qamqor» мобильді қосымшасын іске қосты.

Ол әрбір кәсіпкердің қалтасында жүрген көмекшісі болатындығына сенімдіміз.

Қосымшаны мобильді телефонға немесе планшетке жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Жүктегеннен кейін тіркелесіз, және тексеру тағайындалған жағдайда, Сіздің тефоныңызға (планшетіңізге) «Сізге тексеріспен мына КҮНІ келеді» деген Push-хабарламасы келеді.

Хабарламаға бассаңыз толық сипаттама ашылады – тексеруші орган, тексерушінің аты-жөні, сондай-ақ тексерістің түрі, мәні және мерзімі көрсетіледі.

Мына бір жағдайды мысалға келтірейік:

Сізге тексеру келді. Тексеруші тексерісті тағайындау туралы Актіні, 14-белгісі бар тіркеу нөмірін ұсынуы тиіс. Сіз сол Акт нөмірін тересіз және барлық қажетті ақпаратты аласыз. Егер тексеріс тағайындау туралы Актіде көрсетілген тексерушінің орнына басқа тексеруші келсе немесе тексеру мерзімі өтіп кетсе, онда тексеріс заңсыз деп танылады. Ондай жағдайда, сіз шағым түсіре аласыз, ол Комитеттің аумақтық органымен қаралатын болады, және бұл жағдай расталса, туындаған жағдайды түсіндіру үшін жедел мобильдік топ жіберіледі.

Сондай-ақ қосымшада төмендегідей қызмет түрлері қарастырылған:

-       кәсіпкерді тексеру тағайындалғандығы туралы ақпараттың шынайылығына көз жеткізу;

-       алдағы уақытта болатын тексеріс жайында ескертпе алу;

-       арыз-шағым түсіру мүмкіндігі;

-       бизнесті тіркеу;

-       жиі қойылатын сауалдар мен оларға қатысты берілетін жауаптар.


Возврат к списку

Ақсу ауданы Көлтабан ауылы бойынша
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх