Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Өңірде 3 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр

Өңірде 3 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр 11.09.2017 17:28

Мемлекет басшысының халықтың 30 пайызын жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Алматы облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, тек биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджеттен аталмыш саланы дамытуға аймақта 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Қазіргі кезде облыста 3347 спорттық нысан жұмыс істесе, соның 2560-ы – ауылдық жерлерде. Соның нәтижесінде өткен жылы бұқаралық спортпен айналысатын облыс тұрғындарының саны 27 % жетті. Бұл орайда бұқаралық спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 97 090-ға жетіп, 30,2 %  құрады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен айналысуына жағдай жасалып, осы мақсатта облыс орталығында мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істеуде.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Талғар, Райымбек, Қарасай аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Алакөл ауданы Үшарал қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланып отыр.

Биылғы жылы Нарынқол ауылында футбол алаңының құрылысы аяқталып, Қаскелең, Талғар қалаларында, Райымбек ауданы Кеген ауылында спорттық кешендердің, Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында футбол алаңының құрылыстары жүріп жатыр.  Сонымен қатар Қаратал ауданында спорттық мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтерлігі, Талдықорғанда олимпиадалық жүзу бассейні, жеңіл атлетика манежі мен велотрек салу жоспарланып отыр. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg