Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

Өңірге тартылатын инвестиция жыл соңына дейін 624 млрд. теңгеден аспақ

Өңірге тартылатын инвестиция жыл соңына дейін 624 млрд. теңгеден аспақ

Бірінші жартыжылдықта Алматы облысының экономикасына 223,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіштің өсімі 5,5 %-ті құрады, ал жыл соңына дейін 624 млрд. теңгеден асады деп болжануда. Сондай-ақ 2025 жылға қарай инвестиция көлемін облыс 2,5 есе арттырып, 1,6 трлн. теңгеге жеткізуі тиіс. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде берген тапсырмаларын жергілікті жерлерде орындау туралы облыс активінің жиынын өткізген облыс әкімі Амандық Баталов осылай деді.

Бүгінгі күні облыс қоржынында жалпы құны 5,6 трлн. теңге болатын 283 жоба бар, оның 83-і биылғы жылы іске қосылып, соның нәтижесінде 5,5 мың жұмыс орны құрылмақ.

- Жаңа инвесторларға өңірдің инвестициялық, туристік және IT мүмкіндіктері мен тартымдылығын, әлеуетін таныту үшін «ЖетісуИнвест» форумын өткізуіміз керек. Облысқа инвестициялар тұрақты тартылуы тиіс. Мен әкімдерге айтып отырмын. Президент әкімдердің жұмысы инвестиция тарту көрсеткішіне қарап бағаланатынын ескертті. Осыны аудан, қала басшыларының назарына қайталап саламын, - деді облыс басшысы А. Баталов.


Көріністер:  1452

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.07.2019 13:19

Өзгертілген күні: 17.07.2019 13:22:23

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх