Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC
Құрылыс саласындағы жұмыстар мен жоспарлар пысықталды

Құрылыс саласындағы жұмыстар мен жоспарлар пысықталды

Құрылыс саласындағы жұмыстар мен жоспарлар пысықталды

Кеше облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының 2018 жылғы атқарған жұмыстары мен 2019 жылғы жоспары талқыланған жиын өтті.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Болат Тәкенов баяндама жасап, өңірдегі құрылыс саласының аяқ алысы туралы баяндады. Баяндамашы өз сөзінде әр салада жоспар бойынша белгіленген нысандардың салыну барысына тоқталды. Соның ішінде үш ауысымды 34 мектептің мәселесі алдағы үш жылда қалай шешілетіні, республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға салынатын мектептермен қатар жергілікті қазынадан қарастырылатын қаржыға оқушысының саны 300-ден төмен, яғни бейімделген мектептердің түйінді проблемаларын шешу туралы айтылды. Жергілікті бюджеттен салынуы тиіс 4 шағын мектептің әзірге 1-еуінің ғана құжаттамалық процедуралары аяқталған. Осыған байланысты облыс әкімі жұмысты қузауды тапсырды.

Сол сияқты Құрылыс басқармасының басшысы спорт, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының да жаңа құрылысы жүретін нысандары жайлы атап өтті.

«Президенттің 5 әлеуметтік бастамасында» айтылған жатақханалар салу, коммуналдық шаруашылық саласындағы нысандар құрылысы, тұрғын үймен қамту мәселелеріне де Б. Тәкенов кеңінен тоқталды.

Жиын соңында әр саладағы нысандар бойынша сын-ескертпелерін айта келе облыс әкімі А. Баталов:

- «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының орындалуын басты назарға алуды, Талдықорған қаласында жалгерлік тұрғын үй құрылысын жоспарлауды, коттеджді қалашықтың құрылысын жылдамдатуды тапсырамын. Жұмыстың кешеуілдеу себебінің бәрін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптамаға кететін мерзімінің ұзақтығына әкеп тіреп қоюға болмайды ғой. Қажет болса, айына бір рет жиналып, қай нысанның жобалау құжаттарының қай деңгейде қаралып жатқанын пысықтап отырыңдар, - деп тапсырды.


Көріністер:  1059

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.12.2018 12:03

Өзгертілген күні: 25.12.2018 12:06:24

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх