Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +25 oC

100 мектеп, 100 аурухана

RSS
01.09.2015 15:35

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында 15 жаңа мектеп қолдануға берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласына қарасты Еркін селолық округінде жаңадан ашылған 100 орынды шағын орталығы бар 300 орындық мектептің салтанатты ашылуында хабарлады.

24.08.2015 14:47

  Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қатысуымен Талғар ауданы Бесағаш ауылында 600 орынды № 45 жаңа мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті. 

Алматы облысында апатты мектептер болмайды 18.08.2015 17:31

Биылғы жылы Алматы облысында білім саласының 32 нысаны пайдалануға беріледі. Оған қоса 41 білім мекемелерінің  құрылыс және жаңғырту жұмыстарына 17 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Алматы облысында «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме - табысты мектепке қадам» атты тақырыппен өткен тамыз кеңесінде айтылды.

Жиынға облыс әкімі Амандық Баталов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасының басшысы Әлия Айменова...

18.06.2015 17:12

Бүгін Талдықорған қаласында денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді. Жиында жылдың үздік дәрігеріне жеңіл автокөлік сыйға тартылды. Шараның ашылу рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев құттықтау сөз сөйлеп, дәрігерлер қауымын мерекелерімен құттықтады.

Ауылда мектеп ашылады 23.04.2015 11:30

Талдықорған қаласындағы Еркін ауылында мектеп жоқ болатын. Бүгінгі күні ауылда тұрғызылып жатқан мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.  Жаңа мектеп 300 оқушыға арналған және шағын орталығы болады деп жоспарланған. Жаңа білім ордасы биылғы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілмекші.

Қосалқы жаңа мектеп іске қосылды 03.04.2015 12:06

Талғар ауданы Жаңалық ауылында осыған дейін үш ауысыммен оқытылып келген оқушылар төртінші тоқсаннан бастап қосалқы жаңа мектепте білім ала бастады.

Құрылыс жұмыстарын «Омар Болдинг» және "АНЕМ" ЖШС-лары. "Омар Болдинг" серіктестігінің басшысы Мамед Магамедов мектеп директоры Дина Жайсаңбаеваға мектеп кілтін табыстады.

Өткен жылдан бастап жүргізілген қосалқы мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 353 млн. теңге бөлініп, жұмсалды.

Жаңа екі балабақша ашылды 14.03.2015 11:34

Жақында Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында жаңадан салынған жекеменшік екі балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Наурыз мейрамы қарсаңында қолданысқа берілген балабақша үшін ауыл тұрғындары өз қуаныштарын жеткізді.

23.02.2015 12:07

Үстіміздегі жылы 1 қыркүйекте Алматы облысында жаңа 16 мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан басқа биылғы жылы өңірде тағы жаңа 8 мектептің құрылысы басталмақ.

 

 

21.02.2015 09:08

Қарасай ауданындағы Райымбек ауылында жаңа дәрігерлік емхананың ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов қатысты.

03.02.2015 10:30 Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылыс жұмысымен танысты.



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх