Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC

195 жас отбасының қоныс тойы құтты болсын!

Құттықтау сөзінде облыс басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Құрметті қауым! Қадірменді қоныс той иелері! Баршаңызды бүгінгі ерекше қуаныштарыңызбен құттықтаймын.

Тұрғын үйге қол жеткізу кез-келген азаматтың арманы. Осы көптен күткен арман-тілектеріңізге бүгін Сіздер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға деген қамқорлығының арқасында қол жеткізіп отырсыздар. Елбасының тапсырмасымен елімізде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнайы тұрғын үйлер салынып, өздеріңіз сияқты көптеген замандастарыңыз пәтерлерге ие болуда. Соның жарқын бір айғағы бүгін міне, бір сәтте 195 жас отбасына пәтер кілттерін табыс етіп отырмыз. Қуаныштарыңыз құтты, үйлеріңіздің іші жарық болсын, - деді А.Баталов.

Пәтер кілттерін тапсыруға арналған салтанатта қоныс иелері Мемлекет басшысының атына алғыстарын білдіріп, қуаныштарын жасырмады. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Алматы облысында 683,7 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Оның 9,7 мың ш.м. жас отбасыларға арналған.

Бүгінгі пайдалануға берілген 5, 7, 9 қабатты тұрғын үй кешені Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс аймағында орналасқан. Бұл үйде 66 пәтер бір бөлмелі, 106 – екі бөлмелі және 23 - үш бөлмелі пәтер бар.

 

Құрылысты «Снукер» ЖШС жүргізген.

 

   


Көріністер:  1637

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 26.02.2015 19:22

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх