Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

2019 жылы күшіне енген зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы «Ашық есік күні» өтеді

2019 жылы күшіне енген зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы «Ашық есік күні» өтеді 15.03.2019 11:21

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2019 жылдың 19 наурызында Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, №149 мекенжайында сағат 10:00-дан 17:00-ге дейін «2019 жылы күшіне енген ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.         

«Ашық есік күні» шарасы аясында мынадай сұрақтар көтеріледі:

-     жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;

-       азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;

-     Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;

-     бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;

-     зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және барлық келем деушілерді «Ашық есік күні» шарасына шақырады.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg