Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC
2022 жылға қарай Алматы облысындағы бақтардың жалпы көлемі 26 мың гектарға жетеді

2022 жылға қарай Алматы облысындағы бақтардың жалпы көлемі 26 мың гектарға жетеді

2022 жылға қарай Алматы облысындағы бақтардың жалпы көлемі 26 мың гектарға жетеді

    Облыс орталығынан шалғай орналасқан Ұйғыр ауданында ел мен жердің келешегі үшін жасалынып жатқан жоспарлы жұмыстар аз емес. Басты өнімнің бірі саналатын жүгерінің көлемін 2022 жылға қарай 2300 гектарға,өнім беретін жеміс бақтарының алаңын 3000 гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл үшін Шарын өзенінде аяқталмаған біріктірілген су торабын салу қолға алынуда. Өңірде бұрын жұмысын жүргізіп, жап-жақсы нәтижесін көрсеткен құс фабрикасын қайта қалпына келтіру де негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Ұйғыр ауданы ел мен жерге шапағатын тигізіп отырған жылыжайларымен де танымал. 2022 жылға қарай оның көлемін 30 гектарға жеткізу көзделініп отыр.

   Осы аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері облысымыздың әкімі Амандық Баталов жұмыс бабындағы сапарымен аталған өңірде болды. Алдымен «Шонжы АГРО» ЖШС-інің жұмысымен танысты. Шонжы ауылына баратын жолдың бойына орналасқан құрылым негізінен бау-бақшамен айналысуда. Ділмұрат Қайырбековтей азамсат басқаратын серіктестік өріктің түр-түрін өсіруде. Жалпы көлемі 800 гектар жер беріліпті. Өткен жылдан бері қарай 400 гектарға аврикос, қара өрік, шабдал, шие секілді сүйекті дақылдардың көшетері өсірілген. Көзімізбен көргендей жеміс ағаштарының бәрі жайқала өсіп тұр. Уақтылы суаралып тұрады екен. Игілікті шаруа үшін 860 миллион теңге инвестиция тартылған. Серіктестік 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Маусымдық жұмыс кезінде 30 адам еңбек етеді. Онға тарта қажетті трактор, техникалары бар. Облыс әкімі Ділмұраттай азамат бастаған құрылымның бау-бақшалығына риза болды.

   Сүйекті жеміс дақылының бір Отаны саналатын Ұйғыр ауданында Уйгун Арзиев басшылық жасайтын «Тенрикут» шаруа қожалығының үлес салмағы жоғары. Бұл шаруа қожалығы 1995 жылдан бері қарай жұмысын жүргізіп келеді. Қожалықтың жеміс беретін 40 гектар жері бар. 15 гектар алмасы, 20 гектар өрігі, 4 гектар шабдалы, 1 гектар шиесі бар. Олардың бәрі жемісін төгілтіп тастайды. Облыс әкімінің назарына пісіп тұрған өріктің, шабдалының өнімі көрсетілді. Өткен жылы жемістердің орташа өнімі әр гектарға шаққанда 320 центнерден айналыпты. Бұл үлкен жетістік. Аталған қожалық өткен жылы Ресейге 400 тонна өнім экспортқа шығарыпты. Жеміс сақтайтын 100 тонналық қоймасы бар. 7 адам тұрақты жұмыс істесе, маусымдық жұмыс кезінде 37 адам еңбекпен қамтылып отырады. Қожалықта асыл тұқымды іріқара да өсірілуде. Өздерінің 30 гектар тұқымбағы бар. Онда өрік, шие, алма ағашының көшеттері өсіріледі. Барлығы 1135000 түп жеміс көшеттері өсіп келеді. Облыс әкімі Уйгун Арзиев бастаған «Тенрикут» шаруа қожалығының жұмыстарына табыс тілеп аттанды.

    Облыс әкімі А. Баталов бұдан кейін «Қалжат» кеден бекетіне баратын күре жолдың бойын орналасқан «Томатик» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Қысы-жазы қызанақ өсіретін бұл жылыжайдың құрылтайшысы Айжан Омарова. 2 миллиард теңге қаражат жұмсалып салынған кең де жарық, заманауи жылыжай 2017 жылдан бері қарай жұмысын жүргізіп келеді. Жылыжайдың жылына 1440 тонна қызанақ өсіріп, сатуға мүмкіндігі бар. Өткен жылы 791 тонна қызанақ өсіріліп, ел игілігіне жаратылған. Ұйғыр ауданының тұрғындары қыс маусымында қолайлы бағамен игілігін көріп тұрады екен. Қолда бар дүниенің жақсылығы деген осы. Мұнда 55 адам тұрақты жұмыс істейді. Еңбекақылары жаман емес. Аталған жылыжай иелері алдағы уақытта 4 гектар өнеркәсіптік жылыжай салуды жоспарлап отыр. Облыс әкімі қызанақ өсіретін заманауи жылыжайдың жұмысына ризашылығын білдірді. Алдаға уақыттаға мақсатты шаруаларына қолдау көрсететінін білдірді.

    Қарадала өңірі емдік қасиеті мол ыстық суы бар сауықтыру орындарының бір Отаны десек, артық айтпаймыз. Өңірде 4 туристік бағыт бойынша 48 демалыс орны, 3 қонақ үй, тау бөктерінде аңшылар үйлері танымдық, экологиялық және басқа да туризм түрлерін көрсету мақсатында жұмыс жүргізеді. Өткен жылы демалыс орындарына 71150 адам келіп, ақылы сауықтыру қызметінің көлемі 370 миллион теңгені құрапты. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 168 пайызды құрайды. Демек, өңірге келіп демалушылардың қатары жыл сайын артып келеді.

   Облысымыздың әкімі А. Баталов Ұйғыр ауданына сапарының барысында «Эко Парк Тур» ЖШС-інің заманауи жасалған сауықтыру кешенін аралап көрді. Бұл сауықтыру әрі демалыс орны шын мәнінде қызықтырмай қоймайды. Олардың адамдар суға түсетін алаңдары, жататын, тамақтанатын орындары бәрі-бәрі көңілден шығады. Гүлдендіріп, түрлендіріп қойылған заманауи сауықтыру кешенінде демалушылардың алғыстан басқа айтарлары жоқ десек, артық айтпаймыз. Аталған серіктестіктің жұмысы ауқымды. Олардың Шарын шатқалында да демалыс орындары жұмыс істейді. Балалар үшін жасап отырған игілікті істері айтуға тұрарлық. Қырғызсай ауылының маңындағы табиғаты тамаша, көркем өңірге орналасқан бұрынғы балалар лагерін қалпына келтіріп, жұмысын жүргізіп келеді. Өткен жылы лагерде 450 бала мәнді де мағыналы демалып қайтты. Серіктестік өз қаражаттарымен қамқорлықты қажет ететін отбасыларының 40 баласын демалуына мүмкіндік жасапты. Серіктестіктің жаз маусымында 1500 балаға дейін демалдыруға мүмкіндіктері бар. Балалар он күн ішінде Шарын шатқалына барады. Бір күндерін Арасан өңірінде өткізеді.


Көріністер:  1339

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.07.2019 15:30

Өзгертілген күні: 05.07.2019 11:42:28

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх