Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

"5 әлеуметтік бастаманың" игілігі

"5 әлеуметтік бастаманың" игілігі

Алматы облысы өңірдегі кадрларға деген қажеттілікті ескере отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балдарға ие болған 100 талапкерге Үкімет қаулысына сәйкес 2017 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын бөлген болатын. Соның ішінде педагогикалық, ауыл шаруашылығы және медициналық мамандықтарға басымдық берілді.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне қарағанда, биылғы жылы «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына» орай облыс әкімі оған қосымша тағы 100 грант бөлуді қарастырып отыр. Оған негізінен әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын отбасынан шыққан талапкерлер ие болмақ. 2018-2019 оқу жылында бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қосымша 47,5 млн. теңге бөлінді. Бұл орайда еңбек нарығында сұранысы жоғары, өңір үшін кадр тапшылығы сезіліп отырған мамандықтар назарға алынбақ.


Көріністер:  792

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.08.2018 10:36

Өзгертілген күні: 08.08.2018 10:43:17

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх