Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC

Қазақ хандығының 550 жылдығы

RSS
Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына 50 метрлік барельефті сыйға тартты 09.10.2015 10:25

 Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қарсаңында Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына ерекше сый жасады. Атап айтқанда 50 метрлік алып барельеф пен қазақтың атақты жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін реңі жарасқан туындылар қаланың көркін келтіруде.

02.10.2015 18:40

 Қазақ жауынгерлерінің аз қолымен жаудың сан мыңдаған әскерін соғыстың керемет әдіс-тәсілін қолдану арқылы жеңіліске ұшыратқан тарихтағы ең шешуші шайқастардың бірі қазіргі Алматы облысының Панфилов ауданы Орбұлақ түбінде болғандығы тарихта жазылған.

Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында осынау тарихи естелікті жаңғырту мақсатында Талдықорған қаласының ипподромында 100 атты және 500 жаяу әскер кейпіндегі кәсіби қазақстандық каскадерлердің қатысуымен 3 бөлімнен тұратын тарихи қойылым көрсетілді....

21.09.2015 18:48

 Бүгін Алматы облысының Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ ханыдығының 550 жылдығына орайластырылған «Орбұлақ түбіндегі шайқас» тарихи қойылымын ұйымдастыру және өткізуге байланысты жиын өтті. 

«Алтын адам» Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудегі облыстың басты символы 12.09.2015 13:45

Алматы облысының Астана қаласындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қатысты дайындаған бағдарламасы өзінің әртүрлілігімен және ерекшелігімен көпшіліктің көзайымына айналды. Алматы облысы орналасқан аумақтың кіре берісіне қойылған Ауданнан арнайы әкелінген «Алтын адам» мүсіні қала тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмағаны анық.

Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілуде 11.09.2015 19:04

 Алматы облысы Астана қаласында кең көлемде аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған шараға қатысты. Өңірдің атынан келген шығармашылық ұжымдар мен қолданбалы өнер шеберлері, әртістер мен актерлар, мүсіншілер мен спорт шеберлері облысты астана төрінде жан-жақты таныстырды.

«Қазпочта» Қазақ  хандығының 550 жылдығына арналған марка шығарды 09.09.2015 08:41

«Қазпочта» АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошталық марканы айналымға енгізгені жайлы хабарлайды. Марканы бастыру салтанаты ҚР Ұлттық Мұражайының «Тәуелсіз Қазақстан» залында өтті. 

Облыста «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұғыры» атты акция басталды 13.08.2015 10:20

Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың төрағалығымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда жастардың тәрибесіне бағытталған «Шаңырақ - мәңгілік елдің тұғыры» атты ұзақ мерзімдік акцияның басталғаны жайлы хабарланды.

«Мәңгілік ел» Халықаралық фестивалі өтті 28.07.2015 19:35

 Алматы облысы Талғар қаласына жақын маңда, Іле Алатауы ұлттық паркінің етегінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» халықаралық фестивалі өтті.

Мемлекет-жеке меншік серіктестігі негізінде ұйымдастырылған шара біртекті мәдени кеңістікті ұлғайту мен нығайту, ұлттық мәдени дәстүрлерді, рухани құндылықтарды дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар ұлттық ат спорты ойындарын дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фестиваль бағдарламасында...

Конференция қазақтың тұңғыш тарихшысына арналды 22.07.2015 15:21

Бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай орта ғасырлық тарихшы, шежіресі Қадырғали Жалаиридың 485 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақ хандығының мерейтойына арналды 21.07.2015 11:10

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Жамбыл ауданында екі күндік арнайы мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Ауданның орталық алаңында гала-концерт, «Көкбастау» ипподромында ұлттық ат спортынан жарыстар өткізілді.

22.05.2015 19:30

  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы Еркін айналма жолында биіктігі 40 метр болатын, Қазақстан Дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов дайындаған сәулеттік композиция қою жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қаланы аралау барысында мәлім болды

Жоба авторы Т.Сүлейменовтің айтуынша, негізгі кеңістіктік конструкция композициялық тұрғыдан бірнеше саладан тұрады, ал оны айнала 12 стелла қоршап тұрмақ. Орталық стелланың түсі тұрақты...

Айтыс мәреге жетті 15.04.2015 10:11

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Мәңгілік ел» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өтті.

Қазақ хандығына арналған конференция 14.04.2015 17:14

Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тарих кафедрасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ мемлекеттігі: кеше, бүгін, ертең» тақыбырында ғылыми-практикалық конференция өтті.  

Ғылыми кездесу қазақ мемлекеттігінің көп ғасырлық мұрасын меңгеру арқылы патриоттық тәрбиені қалыптастыруды мақсат етті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев қатысты.

Кездесу барысында конференцияға қатысушылар қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығындағы Керей...

«Бір тал кессең, он тал ек!» 04.03.2015 14:47

Бүгін Талдықорған қаласында ағымдағы жылы жоспарланып отырған Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерейлі даталары аясында 200-ге жуық ағаш отырғызу шарасы болып өтті. Оған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.




Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх