Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC

ҰОС Жеңісіне 70 жыл

RSS
Ұлы Жеңістің құрметіне арналып ат жарысы өткізілді 09.05.2015 14:15

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Талдықорған» ипподромында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ұлттық ат спортынан жарыстар өтті. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Ұлы Жеңістің мерейлі мерекесі 09.05.2015 11:33

Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына арналған мерекелік шаралар бар сән-салтанатымен аталып өтілді.

Мереке облыс әкімі Амандық Баталов бастаған бір топ азаматтардың  Мәңгілік алауға гүл шоғын қоюдан басталды. Отан-Ана ескеркішінің алдында Ұлы Отан соғысында мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға от атылды.

Орталық алаңда жалғасқан мерекеде «Ұрпаққа мұра болған - Ұлы Жеңіс!» деген тақырыппен қойылған сұрапыл соғыстың зұлмат...

09.05.2015 10:53

Алматы облысының әкім Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 9 Мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған құттықтауы

Генерал-майор тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды 08.05.2015 19:17

Бүгін Талдықорғанда запастағы генерал-майор, Ұлы Отан соғысына және милитариялық Жапонияның әскери ұрыстарына қатысушы, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әбдіқадыр Болсамбеков тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, облыстық ІІД қызметкерлері, сол сияқты ҰОС мен ішкі істер ардагерлері қатысты.

Әбдіқадыр Болсамбеков Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Интернатта...

Облыс полицейлері ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады 08.05.2015 17:42

Бүгін Талдықорған қаласында облыстық ІІД полицейлері соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтады. Облыстық ІІД-да Ұлы Жеңістің 70 жылдық жылдығына орай салтанатты жиын өткізді

Милициядан полицияға дейінгі тарих 08.05.2015 17:39

Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы облыстық ІІД-де тарихи музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталов, сонымен қатар ҰОС және ішкі істер ардагерлері қатысты.

Жаңа музейде полицейлер жинақтаған сирек кездесетін құнды құжаттар мен заттар қойылған. Музей қорында 1 мыңнан астам экспонат қойылған. Музей экспозияциясы Жетісу жерінде милицияның әр жылдардағы қалыптасу кезеңдеріне арналды. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кезеңінің орны ерекше.

Естеріңізге сала...

Ұлы Жеңіс қаһармандарына құрмет 06.05.2015 12:31

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай 100 ардагерді салтанатты жағдайда қабылдады. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, соғыста қаза болғандардың жесірлері, концлагерьлерде болғандар мен тыл еңбеккерлері бар. Солардың ішінде Кеңес Одағының батыры Иван Косенков та болды.

Жетісулық ардагерлерді Астанаға шығарып салды 05.05.2015 18:20

Бүгін Алматы қаласында Алматы облысының 16 ардагерін Астана және Мәскеу қалаларында өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына арналған шараларға шығарып салу рәсімі өтті.

Соғыс ардагерінің жесіріне тұрғын үй кілті тапсырылды 05.05.2015 16:44

  Бүгін Қарасай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, тыл еңбеккері Динар-зада Сейдвалиева Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қоныс тойын тойлады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев ардагерге «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі пәтер кілтін табыстап, телевизор сыйға тартты.  

Қапшағайда Волоколамскіден әкелінген алау ұшқыны жағылды 05.05.2015 16:27

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресейдің даңқты Волоколамск қаласынан топырақ пен мәңгілік алау ұшқыны Қапшағай қаласына әкелінді. Естелік символдары Қапшағайдағы орталық алаңда Даңқ мемориалына салтанатты жағдайда қойылып, мемориалдық тақта орнатылды.

Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев:

- Ұлы Жеңіс мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бізге Кеңес одағының батырлары Иван Панфиловқа және Бауыржан Момышұлына арнап бюсттері қойылған...

Ардагерлерге алғыс 22.04.2015 12:50

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы облысында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері үлкен құрметке бөленіп, құттықтаулар мен естелік сыйлықтар қабылдауда. Бұл игі іс бүгінде дәстүрге айналды.

Кеше Талдықорған қаласында Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Алтынбек Ормышев соғыс ардагері Жапар Оразалиновтың үйінде болды. Майдангерді келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтап, ұжымның атынан естелік сыйлық табыс етті.

Кездесу барысында Жапар Оразалинов соғыс жылдарынан...

11.04.2015 10:42

«Хабар» агенттігі Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Жеңіске құрмет!» акциясын ұйымдастырып, арнайы қор құрды. Акция бір ай бойы жалғасады. Осы шара аясында «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшілері де жетісулық екі ардагердің үйіне барып, жақындап қалған Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты.

Құтқарушылар ардагерлерге арнайы барып, құттықтады 09.04.2015 16:15

Талдықорғанда «Асар» республикалық әлеуметтік акциясының шеңберінде «Алматы облыстық ТЖД Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ҰОС ардагерлері Сәмен Базарбаев пен оның жұбайы, тыл ардагері Айтжамал  Базарбаеваның шаңырағында болды. Алда келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті

Кездесу барысында С.Базарбаев соғыс жылдарындағы өзінің әсери өмірі, ғибратты ғұмыр жолы туралы баяндап, мерекенің 70 жылдығына орай Үкімет тарапынан...

«Ажар» ардагерлерге киім тіге бастады 08.04.2015 12:43

Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астана және Мәскеу қалаларына Алматы облысынан 17 ардагер барады. ҚР Қорғаныс министрлігінің шешімі бойынша майдангерлер мерекелік біркелкі костюм киетін болды. Осыған байланысты талдықорғандық тігіншілер ардагерлерге арнап киім тігу ісін бастап та кетті.  

Талдықорғандағы «Ажар» тігін фабрикасы майдангерлердің киім өлшемдерін алып жатыр. Алғашқы өлшемге ҰОС ардагерлері Тоқтарбай Қанапиянов, Хасан Боранбаев, Алтынай Есболатова барды. ...

19.03.2015 13:25

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында Талдықорған қаласында тұратын ерлігімен еліне шексіз бақыт сыйлаған соғыс ардагерлеріне 52 пәтердің кілтін табыс етті.

Соғыс ардагерлеріне арналады 17.03.2015 12:01

Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі мерекелік концерт өткізді.

18.02.2015 19:54

Облыс әкімі Амандық Баталовтың қорытынды есебіне қатысқан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ардагерлер үйінде облыс ардагерлерімен кездесіп, Елбасы бастамасымен  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан игілікті істерден хабардар етті. 

Ардагерлерге ерекше ұялы телефондар табыс етілді 11.02.2015 12:44

Бүгін Талдықорған қаласында «Өмір жолы» республикалық акциясы аясында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында облыс ардагерлеріне дабыл түймесі орнатылған ұялы телефондар табысталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев құттықтау сөз сөйлеп, алдағы уақытта жоспарланып отырған жұмыстарға тоқталды:

Ардагер ардақталды 04.02.2015 13:17

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Алматы облысы Қаратал аудандық  филиалына қарасты «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының атауын ҰОС-ңың ардагері, Кеңес Одағының батыры И.В.Косенковтың атына ауыстыру бойынша БПҰ-ның жиналысы өтті. Шараға Кеңес Одағының батыры, партия мүшесі И.Косенков, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Мұқанов, Қаратал ...


Страницы: 1 2 След.


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх