Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Жаңалықтар

RSS
Облыс бюджеті 344,5 млрд. теңгені құрады 20.05.2015 11:39

Алматы облысының нақты бюджет көрсеткіші 344,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгінгі өткен Алматы облыстық мәслихаттың  кезекті ХХХХV сессия отырысында белгілі болды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нәфиса Сатыбалдинаның мәлімдеуінше, енгізілген өзгертулерге сәйкес облыс бюджеті 5 млрд. теңгеге ұлғайды.

18.05.2015 14:48

Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұржанов Даркен Нұржанұлы Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жасөспірімдер орталығы жандануда 15.05.2015 15:59

Биылғы жылы Текелі қаласындағы балалар шығармашылық орталығына 13 жыл толып отыр. Аталған орталықта музыка мен бейнелеу өнерінен арнайы сабақтар оқытылып, ондағы оқушылар халықаралық конкурстарға қатысуда.

Ұлы Жеңістің құрметіне арналып ат жарысы өткізілді 09.05.2015 14:15

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Талдықорған» ипподромында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ұлттық ат спортынан жарыстар өтті. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Ұлы Жеңістің мерейлі мерекесі 09.05.2015 11:33

Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына арналған мерекелік шаралар бар сән-салтанатымен аталып өтілді.

Мереке облыс әкімі Амандық Баталов бастаған бір топ азаматтардың  Мәңгілік алауға гүл шоғын қоюдан басталды. Отан-Ана ескеркішінің алдында Ұлы Отан соғысында мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға от атылды.

Орталық алаңда жалғасқан мерекеде «Ұрпаққа мұра болған - Ұлы Жеңіс!» деген тақырыппен қойылған сұрапыл соғыстың зұлмат...

09.05.2015 10:53

Алматы облысының әкім Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 9 Мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған құттықтауы

Генерал-майор тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды 08.05.2015 19:17

Бүгін Талдықорғанда запастағы генерал-майор, Ұлы Отан соғысына және милитариялық Жапонияның әскери ұрыстарына қатысушы, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әбдіқадыр Болсамбеков тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, облыстық ІІД қызметкерлері, сол сияқты ҰОС мен ішкі істер ардагерлері қатысты.

Әбдіқадыр Болсамбеков Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Интернатта...

Облыс полицейлері ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады 08.05.2015 17:42

Бүгін Талдықорған қаласында облыстық ІІД полицейлері соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтады. Облыстық ІІД-да Ұлы Жеңістің 70 жылдық жылдығына орай салтанатты жиын өткізді

Милициядан полицияға дейінгі тарих 08.05.2015 17:39

Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы облыстық ІІД-де тарихи музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталов, сонымен қатар ҰОС және ішкі істер ардагерлері қатысты.

Жаңа музейде полицейлер жинақтаған сирек кездесетін құнды құжаттар мен заттар қойылған. Музей қорында 1 мыңнан астам экспонат қойылған. Музей экспозияциясы Жетісу жерінде милицияның әр жылдардағы қалыптасу кезеңдеріне арналды. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кезеңінің орны ерекше.

Естеріңізге сала...

08.05.2015 16:33

 Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

 

Ұлы Жеңіс қаһармандарына құрмет 06.05.2015 12:31

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай 100 ардагерді салтанатты жағдайда қабылдады. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, соғыста қаза болғандардың жесірлері, концлагерьлерде болғандар мен тыл еңбеккерлері бар. Солардың ішінде Кеңес Одағының батыры Иван Косенков та болды.

Жетісулық ардагерлерді Астанаға шығарып салды 05.05.2015 18:20

Бүгін Алматы қаласында Алматы облысының 16 ардагерін Астана және Мәскеу қалаларында өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына арналған шараларға шығарып салу рәсімі өтті.

Соғыс ардагерінің жесіріне тұрғын үй кілті тапсырылды 05.05.2015 16:44

  Бүгін Қарасай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, тыл еңбеккері Динар-зада Сейдвалиева Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қоныс тойын тойлады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев ардагерге «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі пәтер кілтін табыстап, телевизор сыйға тартты.  

Қапшағайда Волоколамскіден әкелінген алау ұшқыны жағылды 05.05.2015 16:27

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресейдің даңқты Волоколамск қаласынан топырақ пен мәңгілік алау ұшқыны Қапшағай қаласына әкелінді. Естелік символдары Қапшағайдағы орталық алаңда Даңқ мемориалына салтанатты жағдайда қойылып, мемориалдық тақта орнатылды.

Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев:

- Ұлы Жеңіс мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бізге Кеңес одағының батырлары Иван Панфиловқа және Бауыржан Момышұлына арнап бюсттері қойылған...

Балалар жазда жақсы тынығатын болады 05.05.2015 09:45

Алматы облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 204 млн. теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Бұл туралы әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова мәлімдеді.

04.05.2015 16:48

Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХLІV сессия отырысы болып өтті. Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралды.

Талдықорғанда Бірлік күні мерекесі өтті 01.05.2015 11:29

[img=left]/upload/upload_image/thumb/4b7d96800186886c14acb2643ec0bf39.JPG[/img] Суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері, ұлттық спорттық ойындар, мотошеру, театрландырылған көріністер, көңілді концерт Талдықорған қаласындағы орталық алаңда  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның шырайын кіргізді.

БІРЛІК, ДОСТЫҚ, КЕЛІСІМ – ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ 01.05.2015 11:19

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Мұқағалиға арналған мүшәйра өтті 29.04.2015 18:23

Бүгін Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған жазба ақындардың «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық байқауы өтті. Шараның шымылдығын ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Жетісу бөрісі» анықталды 29.04.2015 15:28

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» облыстық іріктеу турнирі болып өтті. Оған өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларынан барлығы 37 палуан қатысты.


Страницы: Пред. 1 ... 70 71 72 73 74 ... 79 След.

Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg