Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +35 oC
А. Баталов: "Талдықорған қаласы облысқа қарап бой түзеуі керек"

А. Баталов: "Талдықорған қаласы облысқа қарап бой түзеуі керек"

А. Баталов: "Талдықорған қаласы облысқа қарап бой түзеуі керек"

Талдықорған қаласында 2018 жылы 4 жаңа кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 2 өндіріс орны кеңейтілді, соның есебінен 86 жаңа жұмыс орны құрылған. Жаңа кәсіпорындардың қатарында құрылысқа арналған құрғақ қоспалар шығаратын «Сана» МЧА» ЖШС цехы, металл бұйымдарын шығаратын «Брик И.А.» ЖК, пескоблоктар шығаратын және жиһаз өндіретін кәсіпорындарды атауға болады. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың есеп беру жиынында айтылды.

Алдымен облыс әкімі А. Баталов Мәдениет сарайының фойесінде қойылған қаланы дамыту көрмесімен танысты. Мұнан соң мінбеде сөз алған Д. Шалтабаев өз баяндамасында қаланың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттері туралы баяндады. Баяндамашының айтуынша, өткен жылы қаланың өнеркәсіп орындары 73 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өсім 1,9 % құрады. Төрт жаңа кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған екі өндіріс орны кеңейтілді, соның есебінен 86 жаңа жұмыс орны құрылған. «Талдықорған» индустриалды аймағының аумағында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның екеуі салынып жатыр, ал үшеуінің құрылысы екінші жартыжылдықта басталады. Шағын және орта бизнесте 38 жаңа нысан ашылып, 343 жұмыс орны құрылған, тартылған иевестиция көлемі – 4 млрд. теңге.

Сол сияқты жыл ішінде 90 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалпы құны 1,2 млрд.теңгеге 5 жоба жүзеге асқан. 124 пәтерлі екі коммуналдық және жалгерлік үй пайдалануға берілді, Жастар-2 тұрғын ауданында 16 шақырымнан астам электрмен қамту желілері салынды. Қазіргі уақытта барлық қаржыландыру көздерінен жалпы ауданы 50 мың шаршы метр жалпы 543 пәтерлік тоғыз көп қабатты үйдің, сондай-ақ коттедж қалашығының құрылысы жалғасуда.

Қаланы газдандыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалаішілік желілер 741 шақырымға тартылып, жұмыс 80 %-ке орындалған, дегенмен әзірге көгілдір отынға қосылған абоненттер саны 2400-ге жуық.

Қала әкімі өткен жылы 1 көше салынып, 23 көшеге күрделі жөндеу жасалғанын атап өтті. «Ал биылғы жылы 77 км жолға күрделі және орташа жөндеу жүргіземіз», - деді Д. Шалтабаев. Сонымен қатар Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарларға тоқталып, жатақхана салу, шағын ниеселер беру, әлеуметтік қорғау шаралары туралы да баяндады.

Кездесу қала тұрғындарының сұрақ қоюымен жалғасты. Мәселен, Ынтымақ, «Жастар - 2», «Көктал» шағын аудандарының тұрғындарын көшеге жол төсеу, көшені жарықтандыру мәселелері толғандырса, кейбір қала тұрғындары коммуналдық мекемелердің қаланы қардан тазарту барысында қарды белгіленген орындарға тасымалдамай, тұрғын үйлер маңына жинақтауы, арық жүйелерін жөндеу ісінің бәсеңсуі, көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафе, донер сияқты тамақтану орындарының санитарлық нормаларды сақтамауы, қаладағы автобус маршруттарының кестеге сәйкес жүрмеуі, тұрғын үй аулаларында балалар аулаларын жасаймыз деген уәденің орындалмағанына алаңдаулы.

Осындай бірқатар мәселелер көтерген қала тұрғындарына Д. Шалтабаев тиісті жауаптар берді, ал кейбір өзекті мәселелер бойынша облыс әкімі нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен, қалаішілік арық жүйесі бойынша биылғы жылға қала әкімдігі нақты ұсыныстарын берсе, қаржы бөлінетіндігі айтылды. Сол сияқты қалаға биылғы жылы тұрғын үй аулаларын абаттандыруға 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, оған 48 аула енгізіліп отырғанын, сол қатарға сауал қойған азаматтың ауласын да қосу тапсырылды.

Тұрғындар атыннан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мұрат Халық сөз алып, атқарылған істерге ризашылығын білдірді, әрқашан қандай игі бастамаларды да қолдауға дайын екендіктерін айтып, қала әкімінің жұмысына оң баға берді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов:

- Талдықорған – облыс орталығы. Оған ерекше көңіл бөлетініміз сондықтан. Елбасы Талдықорған қаласына жақсы баға берген болатын. Сол бағаға сай қала күннен күнге ажарына ажар, сәулетіне сәулет қосуы керек. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент біздің алдағы жұмыстарымызды, міндет-мақсаттарымызды айқындап берді. Біз 2018 жылды оң өсім қарқынымен аяқтадық. Өндірісте де, ауыл шаруашылығында да, шағын және орта бизнесті дамытуда да көрсеткіштеріміз жақсы. Қала бұл тұрғыда облысқа қарап бой түзеуі керек. Қаланың кейбір кәсіпорындары өндіріс көлемін неге төмендетіп алды, соған талдау жасап, тиісті шаралар қабылдау керек. «7-20-25» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін халыққа түсіндіріп, ниет білдірушілер қатарын көбейтіңдер. Ең бастысы қала қауіпсіз болуы керек. Облыстағы ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үймен біріктірілген полиция пункттерін салып бердік, автокөлікпен 90 % қамтамасыз еттік, бейнетіркегіштермен 100 % қамтыдық, бірақ нәтиже неге жоқ? Қалада әрбір тұрғынның қауіпсіз ортада өмір сүруіне жұмыс істеңдер. Газдандыру мәселесі әлі шабан жүріп жатыр. 50 мың абоненттің небары 2 мыңы газға қосылған. Газ тарту мәселесімен ешқандай айналысып жатқан жоқсыңдар, күн демей, түн демей кірісу керек бұған. Абоненттерді газға қосуда мынадай жеңілдіктер жасайық, әлеуметтік әлжуаз топтарға мынадай көмек көрсетейік деп біреуің бір ұсыныс айтып келмедіңдер. Газдандырудың сапалы әрі мерзімінде атқарылуына тиісті шара қабылдаңдар. Жалпы қала әкімінің жұмысы жаман емес. Мен айтқан кешміліктерді жоюға бар күш-жігерлеріңді жұмсап, бірлесіп жұмыс істесек, нәтижесін халық көретін болады, - деді А. Баталов.


Көріністер:  789

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.02.2019 18:19

Өзгертілген күні: 07.02.2019 12:01:26

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх