Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +4 oC

Ақсу ауданында - жаңа әкім

Ақсу ауданында - жаңа әкім

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Ақсу ауданында болып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Онда Президент Әкімшілігінің келісімімен аудан әкімі лауазымына жаңа кандидатты ұсынатынын айтты. Ұсынысқа депутаттар қолдау білдірді.

Сөйтіп, Ақсу ауданының әкімі болған Әділбек Далбағаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылып, оның орнына бұған дейін осы ауданда әкімнің орынбасары болған Есім Базарханов тағайындалды.

Аудан активімен өткізген кездесуде облыс әкімі Амандық Баталов Есім Базархановтың Ақсу өңірінде ұзақ жылдар қызмет атқарғанын, ауданды басқаруға білімі де білігі де, тәжірибесі де жететінін айтты. Сондықтан меритократия принципіне сәйкес оны жауапты қызметке тағайындау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

- Әділбек Далбағаев аудан әкімі лауазымында өзіне артылған жауапкершілікті тиісінше атқарды, қант қызылшасын дамытуға үлкен үлес қосты. Сол үшін оған алғыс айтамын. Қаңтар айынан бастап Ақсу қант зауыты жаңғырту жұмыстарын бастап, қазір онда орнатылған жаңа құрал-жабдықтардың арқасында қанттың шығымдылығы 10-нан 12-13 %-ке өсті. Бұл - бірлескен жұмыстың нәтижесі. Биылғы жылы Алматы облысы 400-450 мың тонна қант қызылшасын өңдеуді жоспарлап отыр. Одан кемінде 40 мың тонна қант алынады, ал облыстың қантқа деген сұранысы 30 мың тонна екенін ескерсек, бұл жаман көрсеткіш емес. Бұл бағытта Ақсу, Көксу қант зауыттары қарқынды жұмыс істеуде. Сол сияқты біз ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге кірістік. Қазір Қызылағаш су қоймасының қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы ол іске қосылады деп күтілуде, бұл суармалы жерлерді айналымға қосуға мүмкіндік береді. Бұл кешенді жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының агроөнеркәсіпті одан әрі дамыту туралы тапсырмасын орындауға бағытталған, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар облыс басшысы жаңа әкімге Жансүгіров кентін абаттандырумен айналысуды тапсырды. 

Тағайындау

 

Алматы облысы әкімінің өкіміммен Есім Сейілханұлы Базарханов Ақсу ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

 

Есім Сейілханұлы БАЗАРХАНОВ

 

1978 жылы туған. Д. Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институтын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін заңгер, қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қаратал аудандық прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдарда Павлодар облыстық прокуратурасының Тергеу, Азаматтық және әкімшілік істерді қадағалау, Қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау басқармаларының прокуроры, ҚР Әділет министрлігінің Бақылау және талдау басқармасының нормативтік құқықтық актілерді бақылау бөлімінің басшысы, ҚР Қаржы министрлігі Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті басшысының орынбасары, Ақмола облысы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті басшысы, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс департаментінің басшысы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2014 жылдың сәуір айынан – Ақсу ауданы әкімінің орынбасары.

 

Хроника

 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әділбек Егеубекұлы Далбағаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақсу ауданының әкімі қызметінен босатылды.

 


Көріністер:  689

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.10.2018 14:52

Өзгертілген күні: 17.10.2018 18:42:44

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх