Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -20 oC

Қала құрылысы кеңесінің отырысы өтті

Қала құрылысы кеңесінің отырысы өтті

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен Қала құрылысы кеңесінің отырысы өтіп, онда өңірдегі құрылыс пен жаңғырту жұмыстарына қатысты 6 жоба қаралды.

Алғашқы болып Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Villa 96»  коттеджді қалашық құрылысының жобасы таныстырылды. Жобада әрқайсысы 2 отбасына лайықталған 29 коттедждің, сонымен қатар балалар ойын және спорт алаңдарының, велосипед жолдарының құрылысы қарастырылған. Аумағы түгелдей абаттандырылып, көгалдандырылады. Қала құрылысы кеңесінің мүшелері коттедж қалашығы үшін талапқа сай инфрақұрылым, атап айтқанда, балабақша да қажет екенін айтты. «ПКС «Архат-2» жобалау ұйымының өкілі Анастасия Шестопалованың айтуынша, коттедждердің біреуін әкімшілік мақсатта пайдалану жоспарда бар. Сол ғимаратта балабақшаны да, сол сияқты дәріхананы да орналастыруға болады. Айтылған ескертулерді есепке ала отырып, жоба қабылданды.

Сонымен қатар Қарасай ауданы Қаскелең ауылдық округінде «Бибі Айша» тұрғын үй кешені құрылысының жобасы таныстырылды. Бұл жоба бұған дейін де қаралған, ол кезде ғимараттың орналасқан жерін қайта қарау тапсырылған болатын. «АБ-М» ЖШС өкілі Қамбар Өстеміров бұған дейін айтылған өзгертулердің барлығы да жобаға енгізілгенін айтты. Жоба аясында 312 пәтерлі 13 алты қабатты үйлер салынбақ. Мұнда бір және екі бөлмелі пәтерлер, 3-ші класты үйлер орналасады. Тұрғын үй кешені тұрғындарының саны шамамен 800-дей адам болады деп күтілуде. Облыстық қала құрылысы кеңесінің мүшелері аталмыш тұрғын үй кешенінің құрылысын мақұлады.

Кеңес барысында тағы екі жоба қаралды – Панфилов ауданы Нұркент кентінде 100 номерлі қонақ үй, Алматы қаласының батыс кіреберісіндегі құрылыс материалдарының гипермаркеті мен сауда кешенін салу жоспарланған аумақтың егжей-тегжейлі жоспарының жобасы. Бұл жобаны жүзеге асыру 18 млрд. теңге инвестиция тартуға және 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар резервтегі аумақтарды есепке ала отырып, «Қорғас» ХШЫО-ның егжей-тегжейлі жоспары жобасына енгізілген өзгерістер бекітілді. Бұл жобаның ерекшеліктері туралы «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева баяндап берді. Жоба оң қорытындыға ие болды.  


Көріністер:  180

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 11.10.2017 16:21

Өзгертілген күні: 11.10.2017 16:24:37

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх