Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +27 oC

Қала жаңа келбетке енеді

Қала жаңа келбетке енеді

19.05.2017 09:27

Облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында салынып жатқан бірқатар нысандарының құрылыс жұмыстарының барысымен, қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстарының жоспарларымен танысты.

Аталмыш мәліметтер облыс басшысына қаланың Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында салынып жатқан Көрме павильонында таныстырылды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тұтыбаев Оңтүстік-батыс тұрғын ауданының құрылысы үшін қажетті жер телімдерін алу жұмыстарының барысы жайлы хабарлап, аталмыш тұрғын ауданның егжей-тегжейлі жоспарын көрсетті. Жабық бассейн, «Азаматтарға арналған Үкімет» әкімшілік ғимараты, Қараталдағы қалалық жағажай, Орталық саябақты жаңғырту  жобаларына қатысты өз ескертпелерін айтқан А. Баталов аталған әрбір нысан бекітілген жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізілуін тапсырды.

Қаланың Қабанбай батыр, Абай, Ақын Сара, Шевченко, Алдабергенов, Ескелді би, Абылай хан сияқты бірқатар көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалаға қарасты 3-ші бөлімшенің 17,2 шақырым жолына, «Шайқорған» тұрғын ауданының 11,8 км жолына, ал «Жастар – 1» тұрғын ауданының 22,2 км жолына қиыршық тас төселетін болады. Облыс орталығын газдандыру жұмысы сәуірдің аяғында басталып, қазіргі күні бірқатар көшелер мен «Қаратал» шағын ауданының абоненттерін қосу жұмысы жалғасуда. Жол жөндеу және газ тарту жұмыстары бір-бірімен сәйкестендіре жүргізілетін болады.  

"Алматы – Талдықорған" трассасының қалаға кіреберіс қақпасы ауыстырылып, жаңа келбетке ие болады. Кіреберіс  көшенің екі жақ бойы түгелімен абаттандырылып, көгалдандырылмақ. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласының майталмандары «Терра» қашықтан зондылау және геологиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС мамандары қаланың ландшафтық дизайнын қалыптастыруға, көгалдандыру ісіне атсалыспақшы. Аталмыш серіктестік мамандары облыс әкіміне осы бағыттағы өз жобалары мен ұсыныстарын жеткізді. А. Баталов қала басшылығына мамандармен бірлесіп, көгалдандыру ісін жоғары деңгейде атқаруды тапсырды.

Мұнан соң жаңа драма театрының ішкі құрылымының жобасын, қолданылатын материалдарының түрлерін көріп, танысты. Сонымен қатар Көрме павильонының құрылысына қатысты кейбір ұсақ кемшіліктерді түзету қажеттігін ескертті.

Жалпы Көрме павильоны мен Салтанат сарайының құрылысы және маңайын көркейту жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. 

 


Көріністер:  150

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Тізімге қайта оралу


Ақсу ауданы Көлтабан ауылы бойынша
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх