Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -8 oC

Алматы облыстық ҚХА-ның XXII сессиясы өтті

Алматы облыстық ҚХА-ның XXII сессиясы өтті

Бүгін Талдықорған қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі, облыстық Ассамблеяның төрағасы Амандық Баталовтың төрағалығымен «Мемлекеттік этносаясаттың басты мақсаты – болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру» атты тақырыппен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Жиында баяндама жасаған облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың айтуынша, облыста 200-ден астам қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында 400-ден астам мәжіліс өткізген. Сондай-ақ түрлі қайырымдылық шараларының шеңберінде 20 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Баяндамашы биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар шаралар белгіленіп отырғанын да тілге тиек етті. Бұл жұмыс жыл басынан бері жалғасып келеді.

Облыстық Ассамблеяның жергілікті жерлерде, аудан, қалаларда жүргізген жұмыстары туралы Іле аудандық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы С. Чатуев, балкар этномәдени бірлестігінің белсендісі Ф. Хаджиева, аудандық «Алакөл» газетінің тілшісі В. Иванова, Панфилов аудандық «Шатлык» ән-би ансамблінің жетекшісі, С. Аметов, «Видергебурт» талдықорғандық немістер қоғамы төрағасының орынбасары Е. Молодцов, Қаратал ауданы Бастөбе селолық округі әкімдігінің бас маманы И. Цой, әзірбайжан мәдени орталығының белсендісі Б. Бахшиева сөз сөйледі. Олардың барлығы да достық, келісім мен бірлік – мемлекеттің бақуаттылығы мен дамуының кепілі, көпұлттылық байлығымыз бен құндылығымыз екенін атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов жиынды қорытындылау барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталып, қол жеткізген табыстар еліміздің тұрақтылығының арқасында екенін айтты.

- Жұмыс орындарын құру мен сақтап қалу, кадрларды қайта даярлау, заман талабына сай экономикалық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру – өз қолымызда. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Оны жүзеге асыруға біздің шамамыз келеді. Ең бастысы – өзара жауапкершілікті сезіну мен бір-бірімізге қолдау көрсету, - деді облыс әкімі А. Баталов өз сөзінде. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына, аудан, қала әкімдеріне, сондай-ақ облыстық басқарма басшыларына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4-бағытын орындау және «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

- «Мәңгілік Ел» құндылықтары саналатын бірлік, бейбітшілік, келісім ұғымдарының мәнін әрбір отбасына, әрбір үйге жеткізу үшін этномәдени бірлестіктердің әлеуетін кеңінен пайдалануымыз керек. Барлық қайырымдылық шараларын Ассамблея арқылы үйлестіріп, әрбір елді мекенде жұмыстың әлеуметтік бағытын күшейтуіміз керек. Сонымен қатар Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін нығайту шараларын қабылдау қажет. Бұл жұмыстар немқұрайлы сипатта болмауы керек, - деді облыс басшысы қорытынды сөзінде.

Осы жиында бірқатар қоғам қайраткерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сессия соңында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының шешімі бірауыздан қабылданды.

Жиын соңында этномәдени бірлестіктер дайындаған концерт ұсынылды.


Көріністер:  1850

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.06.2016 12:49

Өзгертілген күні: 30.06.2016 10:51:21

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх