Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC
Алматы облысы - жастар ең көп шоғырланған өңір

Алматы облысы - жастар ең көп шоғырланған өңір

Алматы облысы - жастар ең көп шоғырланған өңір

Халық саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұрса, жастардың ең көп шоғырланған өңірі ретінде де Жетісудың аты озық. Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыста 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 408 218-ге жеткен. Оның 88 950-і қалалық жерлерде, 319 268-і ауылда тұрады екен. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас мәслихаттың кезекті сессиясында айтты.

«Жастар жылында» жастар саясатын іске асыруды қаржыландыру көлемі өңірде 552,9 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде жастарды жұмыспен қамту ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметіне қарағанда, 2019 жылдың І жартысында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың қамтылуымен 21 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілген. Осы шаралар барысында 3000 бос жұмыс орыны ұсынылса, нәтижесінде 703 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 301 жас жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жұмыссыз жастарды тіркейтін бірыңғай базаға 253 жас тіркеліп, 112 жас жұмысқа орналасыпты, оның ішінде 52 жас жастар тәжірибесі арқылы жұмыс тапқан.  

Басқарманың ақпараты бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы аясында І жартыжылдықта 694 маманға 244 238,7 мың теңгеге көтерме жәрдемақы және 409 жасқа 1 528 558,2 мың теңгеге несие берілген. Бұл өз кезегінде өңірлерге келген жас мамандардың баспана мәселесінің шешілуіне оң ықпал етіп отыр.

«Қоғамның белсенді мүшесі әрі қозғаушы күші болып отырған жастардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағыттағы мәселелерін уақытылы шешу арқылы біз жалпы мемлекеттің дамуына игі әсер ете аламыз», - дейді Ж. Қаратас. 


Көріністер:  739

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 01.08.2019 18:03

Өзгертілген күні: 01.08.2019 18:15:54

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх