Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
Алматы облысына инвестиция тартуға «Астана» халықаралық қаржылық орталығы да атсалыспақ

Алматы облысына инвестиция тартуға «Астана» халықаралық қаржылық орталығы да атсалыспақ

Алматы облысына инвестиция тартуға «Астана» халықаралық қаржылық орталығы да атсалыспақ

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдерін қабылдап, әріптестік байланыс мәселелері туралы әңгімелесті.

Алдымен облыс басшысы орталық қызметкерлеріне Жетісу өңірінің инвестициялық әлеуеті мен даму мүмкіндіктеріне шолу жасап, кеңірек айтып берді. Әңгіме барысында облыстағы индустриалды аймақтардағы инфрақұрылымның дамытылуы, трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан іргелі жобалар, туризмді өркендетудің мүмкіндіктері баяндалды.

- Шекаралық аумақта «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы қарқынды дамып келеді. Онда өндірістік тауарлар, азық-түлік өнімдері, құрылыс индустриясы және басқа да бағыттар бойынша ірі жобаларға қатысты келісімдер жасалды. Біздің өңір инвестиция тартуға өте қолайлы, мұнда билік пен бизнестің өзара ынтамақтастық диалогы, әріптестік байланысы жүйелі жолға қойылған. Сондықтан қаржы орталығымен де бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз, - деді А. Баталов.

Өз кезегінде «Астана» ХҚО өкілі Болатбек Қуандықов Елбасының қолдауымен құрылған орталықтың жұмыс жасап жатқанына 1 жылдан асқанын атап өтті. Орталықтың 1 жылдық жұмысын қорытындылау сәтіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, алдағы жұмыстарына жаңа міндеттер жүктеген.

- Мемлекет басшысы бір жыл ішінде өзін қаржылық институт ретінде қалыптастырған орталыққа ендігі жерде өңірлермен тығыз жұмыс істеуді, аймақтарға инвестиция тартуға қолдау көрсетуді тапсырды. Біз бұл бағытта ең бірінші Алматы облысына келіп отырмыз, - деді өз сөзінде Б. Қуандықов.

Қаржы орталығы өкілінің айтуынша, «Астана» ХҚО дүние жүзі бойынша қаржы орталықтарының ішінде өткен жылы 88-орынды иеленсе, 2019 жылы 51-орынға көтерілген. Орталықтың негізгі қызметі - қаржы қызметтеріне қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тарту, жергілікті капитал нарықтарын өркендету, Қазақстандағы исламдық қаржыландыруға арналған сақтандыру нарықтары мен банк қызметтерін дамыту. Мәселен, Алматы облысында ілгерілету мүмкіндігі мол жасыл энергетикаға да инвестиция тартуға қол ұшын беруге әзір екендіктерін айтты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов «Астана» ХҚО өкілдерін «Қорғас» аймағын аралап көруге шақырды. Сол сияқты алдағы уақытта облыс тарапынан нақты ұсыныстар білдіріп, әріптестік байланысты жандандыруға қадамдар жасалатынын жеткізді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  979

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.09.2019 15:08

Өзгертілген күні: 26.09.2019 16:15:20

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх