Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Алматы облысында биылдың өзінде 42 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Алматы облысында биылдың өзінде 42 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Алматы облысында биылдың өзінде 42 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Облыстың өнеркәсіп саласында 32 мың жұмыс орны ашылып, жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын өз өндірісін ұлғайтуының арқасында қосымша 950 жұмыс орны құрылды. Өңдеу өнеркәсібінің 4,6% ұлғаюына байланысты өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,8% немесе 680,1 млрд. тг құрады. Жалпы алғанда 9 айда 42 289 адам жұмыспен қамтылды немесе жоспар 103,6% орындалды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен «Облыстың биылғы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және IV тоқсанға тапсырмалар» тақырыбына арналған әкімдік жиынында белгілі болды.

Жиналғандар алдында негізгі баяндамамен сөз алған облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бірінші жартыжылдықта әр адам басына шаққанда 12 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7% өсті. Осы орайда «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша өңірде құны 88,5 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба іріктеліп, олардың ішінде құны 10 млрд. тг-нің 19 жобасы мақұлданды.

Ауылшаруашылығы саласында да өсім байқалады. Мәселен, жалпы ішкі өнім көлемі 586 млрд. теңгені құрап, сәйкесінше 2% өскен. Агро өнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік қолдау мақсатында 38 млрд. теңге берілген. Оның 33 млрд. теңгесі – субсидиялар. Осы уақытқа дейін 1 миллион 265 мың тонна бидай тартылып, ұн шығарылды. 752 мың тонна картоп, 998 мың тоннадан астам көкөніс жиналды. Қант қызылшасы, жүгері, күріш және майлы дақылдарды жинау науқаны жүріп жатыр. Мал шаруашылығына тоқталар болсақ, төрт түліктің барлығы және құс санының орташа шамамен 4% артқаны байқалады. 244 мың тонна ет өндіріліп (өсім – 3,2%), 320 мың тонна сүт сауылды (өсім – 5%).

Баяндамашы өз сөзінде шағын және орта бизнесте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 124 мыңға жеткендігін, ал жұмыспен қамтылғандар саны 252 мың адамды құрағандығын хабарлады. Екінші тоқсанның көрсеткіштері бойынша өндірілген өнім көлемі мен көрсетілген қызмет 16,5% өскен. Өңірлік жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 31% өсті. «Бизнестің Жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жиынтық құны 3,6 млрд. теңгенің 177 жобасы мақұлданды. Жыл басынан бері шамамен 1100-ге жуық азамат жалпы сомасы 5 млрд. теңгенің шағын несиесін алды.

Сонымен қатар Жеңіс Шылбынұлы облысқа инвестиция тарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, қол жетімді баспана құрылысы, газдандыру жағдайы, жол құрылысы, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы, жұмыспен қамту бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Мәселен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көпбалалы, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе осы санаттағы балаларды асырап отырған азаматтарға 2%-тік жылдық мөлшерлемемен қаражат беру мақсатында Алматы облысына республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні облыс көлемінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі» 676 адамнан өтініш қабылдады. Олардың тең жартысына жуығы (310 отбасы) жеке баспаналарына ие болып үлгерді. Бұл Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі республика бойынша екінші көрсеткіш. Сондай-ақ жыл басынан бері 714 көпбалалы отбасыға баспана кілттері табысталды. Олардың 160-ы - демеушілердің көмегінің арқасында. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жансүгіров, Бақанас, Қарабұлақ, Ұзынағаш, Сарыөзек, Балпық би және Шонжы секілді 7 аудан орталықтарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның 44 жобасының құрылысы жүргізілуде.

Кербұлақ ауданын дамыту бойынша аудан әкімі Махаббат Бигелдиев баяндады. Баяндамашыны тыңдағаннан кейін облыс басшысы бірнеше сыни ескертпелер мен ұсыныстарын білдірді. Өз сынында облыс әкімі Кербұлақ ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жоқтығын, бұл өз тарапынан тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай кедергі болатындығын баса айтты. Жалпы алғанда ауданда өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеп кеткендігін ескерте келе, Амандық Баталов аудан басшысына жыл соңына дейін айтылған ескертпелерді қалпына келтіруді тапсырды.

Осыдан кейін облыс орталығын газдандыру жұмыстарының қазіргі жағдайын тыңдау үшін Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа сөз берді.

Ғалымжан Әбдірайымов бүгінгі күнге дейін қаланың 7200 абоненті табиғи газ жүйесіне қосылғандығын, соның 5701-і жеке сектордағы үй-жайлар екендігін баяндады. Өз сөзінде А. Баталовтың облыс орталығының аумағындағы саяжайлар мен қаланың шеткі шағын аудандарының инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталып өтті.

Мәселен, «Жастар-1», «Жастар-2» тұрғын аудандарында 4 шақырым жол төселгендігін, «Ынтымақ» шағын ауданының 21,5 шақырымды құрайтын жолдарына жол төсемін төсеу жұмыстары қараша айының ортасында аяқталатындығын, «Жастар-2» шағын ауданы мен Пригородный ауылының 12 шақырым жолына қиыршық тас төселгендігін хабарлады. Одан бөлек, «Шайқорған» саяжайында орталық көшелерінің 2 шақырым жолы жөнделді. Ынтымақ ауылына қатынайтын №4, 13, и 227 автобус маршруттарының жұмысы жүйелендірілді. «Қызыл тас» саяжайының жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын 3 көшесі мен «Үйтас» саяжайының 4 шақырым болатын 3 көшесін коммуналдық меншікке беру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады.

Амандық Баталов аула аумақтарының, ойын алаңдарының құрылысы, абаттандыру жұмыстары мен қолжетімді баспана құрылысын белсенді жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, нан бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Облыс тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың жоғары деңгейін болдырмау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әбдалиев баяндады. Биылғы жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 14,6 млрд. теңге бөлініп, бағдарламаға 30 мың адам тартылғандығын атап өтті. Осы кезеңде бағдарлама бойынша техникалық және кәсіби білім беру, қысқа мерзімді арнайы курстар, шағын несиелер беру, қайтарымсыз гранттар беру және басқа да бағыттар бойынша 25875 адам осы бағдарламаға тартылған.

Әкімдік жиынын қорытындылаған өңір басшысы А.Баталов атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу жөнінде құрылған комиссия жұмысының қарқынын үдету керектігін, ана мен баланың қорғалуына үлкен көңіл бөлінуі керектігін және ерекше бақылауға алуды, облыс аумағында орын алған әрбір ана өлімі деректерінің себептерін анықтап, алдағы уақытта барлық бағыттар блойынша оның алдын алуға қажетті іс-шаралардың жүргізілуіне үлкен мән беруді тапсырды. Сонымен қатар қант қызылшасының өнімділігін арттыруға, әсіресе тәтті түбірді өсіруге жайлы Сарқан және Ақсу аудандарында осы тапсырманы жіті бақылауына алуды, және шұғыл түрде жол құрылысы мамандарын даярлауды қолға алуды тапсырды.

Бүгінгі әкімдік жиынында аталған осы және өзге де мәселелер аудан, қала әкімдерінің жіті бақылауына алынып, әр қайсысы бойынша нақты шаралар қабылдануы тиіс, - деп сөзін қорытындылады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  305

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.10.2019 19:30

Өзгертілген күні: 01.11.2019 12:33:00

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх