Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -20 oC
Алматы облысында екі зауыт іске қосылды

Алматы облысында екі зауыт іске қосылды

Алматы облысында екі зауыт іске қосылды

«Елді жаңа индустриаландыру. Қазақстан барысының серпіні» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысында екі жаңа жобаны іске қосты. Олар: Қарасай ауданында орналасқан металл конструкцияларын шығаратын "Psi Stroy Industriya" ЖШС зауыты және Текелі қаласындағы заманауи деривациялық үлгідегі «Қора су электр стансасы» ЖШС.

Телекөпір барысында "Psi Stroy Industriya" ЖШС компаниясының Бас директоры Павел Беклемишев жылына 18 мың тонна металл конструкцияларын өндіруге қауқарлы жаңа зауыттың іске қосылғандығы туралы Елбасына баяндады. Сонымен қатар П.Беклемишев шведтік дәнекерлеу құрылғыларын өндіретін ESAB компаниясының көмегімен компания тарапы жоғары санатты дәнекерлеушілерді дайындайтын оқыту орталығының құрылысын аяқтап қалғандықтарын да хабарлады.

«Қора су электр стансасы» ЖШС-нің Бас директоры Виктор Сычев Қора СЭС-ін іске қосу – баламалы энергия өндірудегі өте маңызды жоба екендігін атап, кәсіпкерлерді қолдау тұрғысындағы Мемлекет басшысының ұдайы көмегі үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге салар болсақ, металл конструкцияларын шығаратын "Psi Stroy Industriya" ЖШС зауытының құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Нысанды іске қосу арқылы 120 жаңа жұмыс орны құрылды. Зауытта орнатылған жобалауға арналған жаңа бағдарламалар, заманауи құрал-жабдықтар мен технологиялар - инновациялық инженерлік ойларды іске асыруға және шикізатты қалдықсыз өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз тарапынан өнімнің салмағын жеңілдетіп, шикізатқа жұмсалатын шығындар көлемін азайтады. Ыстықтай мырыштау әдісін қолдану арқылы өндірілген зауыт өнімдері өз тұтынушыларына 50-70 жыл қызмет етпек.

Қора өзенінде су электр стансасының құрылысын жүргізу жұмыстары 2015 жылы басталды. Жобаның құны – 7,1 млрд. теңге. Жоспарлық жылдық өнім көрсеткіші – жылына 107,5 млн. кВт/сағ. Бұл жобаның құндылығы - электр қуатын өндіру кезінде оның табиғаттың қалпына келетін көздерін, яғни су ресурстарын пайдалануында.

 


Көріністер:  101

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.12.2017 15:05

Өзгертілген күні: 14.12.2017 11:55:52

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх