Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC
Алматы облысында «Жамбыл күні» аталып өтті

Алматы облысында «Жамбыл күні» аталып өтті

Алматы облысында «Жамбыл күні» аталып өтті

Шара барысында Ұзынағаш ауылындағы ақынның және сол жердегі Нұрғиса Тлендиевтің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

Ақынның туған күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөйледі:

- Бүгінде жыр алыбының үздік шығармалары қазақ мәдениетінің алтын қорынан лайықты орынын алды. Бұл туралы Елбасымыз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жаткандығында, сондыктанда қазактың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет корсетіп, өлмес рухының алдында бас иеміз», - деп атап көрсеткен болатын. Осы күні ақынның туған күнін атап өту жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналды. Оның өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік, халықтың мұң-мұқтажы, батырлар туралы жырлар жиі айтылып, ҰОС-да солдаттарға арнап шығарған патриоттық өлеңдері де көптеп кездеседі. Осы күні де ақынның өлеңдері мағынасын жоғалтпай, халықтың жадында мәңгілікке қалары сөзсіз», - деп қорытындылады өз сөзін Амандық Баталов.

келесі кезекте облыс әкімі ағымдағы жылы өткізілетін Сүйінбай бабамыздың 200 жылдық мерейтойын және келесі жылы өтетін Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойын атап өту мәселелеріне тоқталды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

  


Көріністер:  1846

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 28.02.2015 12:33

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх