Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Алматы облысының 2018 жылғы бюджеті нақтыланып, бекітілді

Алматы облысының 2018 жылғы бюджеті нақтыланып, бекітілді

Алматы облысының 2018 жылғы бюджеті нақтыланып, бекітілді

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVI сессиясы өтті. Онда Алматы облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сонымен қатар осы сессияда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелерін қабылдау, Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту, Үкіметке Алматы облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу, облыстың кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау және басқа да бірқатар мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Негізгі баяндаманы жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов 2018 жылдың бюджетіне өзгертулер енгізу туралы шешімнің жобасын кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, жергілікті бюджеттегі үнемделген қаражатты қайта бағыттау мен меншікті кірістерді ұлғайту есебінен бірқатар шараларға қаржы қарастыру ұсынылып отыр. Мәселен, мектептерде ІТ сыныптарын ашып, балаларды робототехникаға баулуға 150 млн. теңге, білім мекемелеріне сұйық отын сатып алуға 283,1 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне – 137,5 млн. теңге, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру мен санитариясына - 1,1 млрд. теңге, елді мекендерді газдандыруға 194 млн. теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік бағыттары да назардан тыс қалған жоқ. Сөзін қорытындылай келе Ж. Әмірханов 2018 жылдың бюджетін 435 млрд. теңге көлемінде бекітуді ұсынды.

Осы және өзге де қаралған мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында облыс әкімі Амандық Баталов сөз алып, депутаттарға білдірген қолдаулары үшін ризашылығын айтты. Сонымен қатар алдағы міндеттерді де атап өтті.

- Елбасы биылғы Жолдауында үш ауысымды мектептерді болдырмау туралы нақты тапсырма берді. Бізде биылғы жылы олардың саны 34-ке жетті. Сол үшін салынатын жаңа мектептердің құжаттарын дайындап, іске кірісуіміз керек. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші жылдың соңына дейін 98 % болады. Осыған байланысты осы сессияда балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қосымша қаржы қарастыруды ұсындық. Президенттің «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы – ең басты жұмысымыз болуы тиіс. Аудан, қала әкімдеріне осы мәселені тағы да қатаң тапсырамын, - деді А. Баталов.


Көріністер:  983

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 07.11.2018 17:01

Өзгертілген күні: 07.11.2018 17:12:37

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх