Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Алматы облысының 5 кәсіпорны «Сауда үздігі - 2018» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Алматы облысының 5 кәсіпорны «Сауда үздігі - 2018» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Алматы облысының 5 кәсіпорны «Сауда үздігі - 2018» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Жуырда Қызылорда қаласында «Сауда үздігі - 2018» республикалық салалық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауда Алматы облысының 5 кәсіпорны жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мәлімдеді.

Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, сауда орталығы» номинациясында 1-орын Ұйғыр ауданында бүгінгі күні 30 адамды жұмыспен қамтып отырған «Ярлин» супермаркетіне берілді. Олардың орташа жалақысы 80 мың теңге. Сауда үйінің басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары үшін тұрақты түрде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады.

Демалысты белсенді және пайдалы ұйымдастырудағы жетістіктері үшін Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» демалыс орны «Үздік демалыс аумағы» атанды.

Іле ауданындағы «Барсукова» ЖК алдыңғы қатардан көрініп «Шағын форматтар» номинацияларында 1-ші орынға ие болса, «NanotechPaints» ЖШС "Үздік көтерме-өндірістік кәсіпорын» аталымында 2-ші орыннан көрінді.

Қаратал ауданындағы «JAILAY» коммуналдық базары да жүлделі орынға ілікті. Бұл базар өз жұмысын биыл ғана бастаған, дегенмен жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада азық-түліктің сан түрін ұсынып отырған кәсіпкердің іскерлік шеберлігінің арқасында «Үздік сауда базары» аталымында 3-ші орынға лайық деп танылды.

Алматы облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасы "Сауда үздігі - 2018"  республикалық байқауын ұйымдастыру мен өткізуде белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Сауда кәсіпорындары қауымдастығының грамотасына ие болды. 

Атап өтсек, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасы мен оның аудандардағы бөлімдерінің бірқатар қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жалпы, жыл сайын ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен "Атамекен" ҰКП қолдауымен өткізілетін «Сауда үздігі» республикалық конкурсы кәсіпкерлердің жұмысына берілетін аса жоғары кәсіби баға деуге болады. Ол сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтауға, сервис деңгейі мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, Қазақстанның сауда саласына заманауи форматты енгізуге ықпал етуге бағытталған.


Көріністер:  416

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.12.2018 18:27

Өзгертілген күні: 05.12.2018 14:07:02

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх