Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC
Алматы облысының делегациясы - Өзбекстанда

Алматы облысының делегациясы - Өзбекстанда

Алматы облысының делегациясы - Өзбекстанда

Кеше Алматы облысының делегациясын бастаған облыс әкімі Амандық Баталов ресми сапармен Ташкент қаласына барды. Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда қонақтарды Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қарсы алды.

Қонақтар алдымен Төле би кесенесінде болды. Мұнан соң Амандық Баталов «Ташкент трактор зауыты» ААҚ-да болып, «Өзагротехмаш» холдингілік компаниясы шығарған агротехникамен танысты. Алматы облысының аграрлық бағытын ескере отырып, өзбек кәсіпкерлері трактор техникаларының ауыл шаруашылығында қолдануға лайықты түрлерінің барлығын қамтып көрсетті.

Облыс әкімі Жетісу өлкесінде астық жинау желісін ашу ниетте екенін Өзбекстан вице-премьері Нодир Отажоновпен және «Өзагротехмаш» ШК басқарма төрағасы Мұрат Каримовтпен болған екіжақты кездесуінде айтты.

«Қазақстан - ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бірі. Сонымен қатар біздің өңір -ҚХР-ның ауқымды нарығына апаратын қақпа. Біз сіздерді барлық инфрақұрылымы тартылған «Талдықорған» индустриалды аймағынан жинақтау цехын ашуға шақырамыз. Бұл орайда айта кетерлігі, ТМД-дағы бірден-бір құрғақ порт та біздің облыста орналасқан. Бұл өнімдеріңізді өзге елдерге қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Амандық Баталов. 

Вице-премьер Нодир Отажонов Өзбекстанда техника шығару көлемі артып келе жатқандықтан облыс әкімінің бұл ұсынысы қызығушылық туғызғанын айтты. Мәселен, холдинг өткен жылы 1,5 мың бірлік техника шығарса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 6 мыңға жетпек. Н. Отажоновтың пікірінше, бұл сыртқы нарыққа шығудың да қажеттігін көрсетіп отыр. Ол үшін өзбек тарапы жақын арада нарық мүмкіндіктерін бағалап көру үшін Алматы облысына өз өкілдерін жіберуге ниетті екендіктерін айтті.

«Бізде Қазақстанмен бірігіп жүзеге асырғымыз келетін жобалар өте көп. Бүгін Алматы облысының әкімі тарапынан айтылған нақты ұсыныс сол жобалардың іс жүзінде жүзеге асырылуына ықпалын тигізуі мүмкін», - деді Өзбекстан вице-премьері.  

Алматы облысының және Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған бауырлас елдің іскерлік компанияларымен болған кездесуде жалғасын тапты.

"2018 жылды Президенттеріміз «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» деп жариялады, бұл өз кезегінде бауырлас екі мемлекеттің өзара байланысын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз. Алматы облысы - Қазақстан Республикасындағы табиғи байлығы мол, инвестициялық климаты қолайлы аймақтарының бірі. Осы кездесулер арқылы екі жақтың кәсіпкерлері өзара тиімді серіктестік қатынастарын дамытудың жаңа бағыттарын ашады деген үміттеміз. Осы ретте облыстың Өзбекстанмен сыртқы тауар айналысы 2017 жылы 36 млн. АҚШ долларын құрағанын атап өту керек. 

Алматы облысынан Өзбекстанға шығарылған экспорт 15,8 млн. АҚШ доллары болса, импорт – 20,2 млн. АҚШ долларына жеткен. 

Өзбекстаннан бізге минералды тыңайтқыштар, моторлы көлік құралдары, жеміс-жидектер, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Екі ел арасындағы бауырластық, көршілік қарым-қатынастардың жарқын мысалдары экономика, ғылым мен мәдениет салаларында да бар. Бүгінгі кездесу Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының көпқырлы байланыстарын одан әрі нығайтып, кеңейтеді деген сенімдемін», - деді Амандық Баталов. 

Алматы облысы делегациясының бұл сапарында «Түркістан» концерт залында жетісулық өнерпаздардың концерті дүркіреп өтті. 900 орындық зал, көрермендерге лық толды. Концерттік бағдарламамен қатар ташкенттік тұрғындарға қолөнершілердің бұйымдары мен қылқалам шеберлерінің туындылары, сондай-ақ Алматы облысының туристік потенциалын танытатын көрме ұсынылды.  

Бір жарым сағатқа созылған концертте сөз алған Өзбекстанның Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Озодбек Назарбеков өнерде шекара жоқ екенін, Жетісу әртістерінің жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, өңірдің рухани байлығын паш ете білгенін атап өтті.

Алматы облысының делегациясы Өзбекстандағы сапары жексенбіге дейін жалғасады. Облыс өкілдері Өзбекстанның бірқатар қалаларында болып, Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады деп күтілуде.

 


Көріністер:  120

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 13.04.2018 12:16

Өзгертілген күні: 13.04.2018 12:19:19

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх