Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Алматылық тұрғындарға жәрмеңке ұсынылады

Алматылық тұрғындарға жәрмеңке ұсынылады 08.09.2017 15:12

Осы аптаның сенбісінде Алматы қаласында облыстың 16 ауданы мен 3 қаласының және «Жетісу» ӘКК қатысуымен күздің алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жетісулық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер 360 тоннадан астам сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада ұсынбақ.

Жалпы Алматыға өнімнің 50-ге астам түрі жеткізіледі. Соның ішінде жалпы құны 180,1 млн. теңгені құрайтын 34,4 тонна ет, 16,8 тонна сүт өнімдері, 102,1 тонна көкөніс, 11,8 тонна балық, 36 тонна жеміс-жидек, 40,9 тонна картоп пен 115 тонна өзге де өнімдер бар.

Осы күні  қала тұрғындарының назарына облыстың өнер ұжымдарының дайындаған концерттік бағдарламасы да ұсынылмақшы.

Естеріңізге салар болсақ, кезекті күзгі жәрмеңке - Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, тағам өнімдері бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.

Жәрмеңке 9 қыркүйек күні Жібек жолы көшесінде (Желтоқсан – Наурызбай батыр көшелерінің қиылысы) сағат 07.00-де басталады.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg