Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC

Қант қызылшасын өндіретін шаруашылықтарға көмек

Қант қызылшасын өндіретін шаруашылықтарға көмек

Жиынға «Қазақстанның бидай одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Нұрлан Тлеубаев, қант қызылшасын өсіретін аудандар мен қала әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Басқосуда Нұрлан Тлеубаев «Көксу» қант зауытын қайта іске қосатындығын, шаруашылықтарға қызылшаны өткізу барысында ешқандай кедергілердің болмайтындығын, өнімге жүргізілетін есепайырысу жұмыстарында да ауытқушылықтардың орын алмайтындығын жеткізді.

- Бұған дейін зауыт пен шаруа қожалықтары арасындағы келісімшартқа отыруда  орын алып келген түсініспеушіліктер жойылады. Алдағы уақытта, аталған құжаттар жеңілдетіліп, қарапайым түрде толтырылатын болады, - деді Н.Тлеубаев.

Облыс әкімі Амандық Баталов кездесуде шаруа қожалықтарына алдағы уақытта Үкімет тарапынан берілетін субсидия көлемінің ауқымды екендігін жеткізіп, аудан-қала әкімдеріне шаруа қожалықтарына тиісті барлық көмектерді көрсетуді тапсырды.

Айта кетер жайт, облысымызда ағымдағы жылы 4 мың га. жерге қызылша егу жоспарланып отыр. Оның ішінде Ақсу ауданына - 860, Қаратал ауданына - 560, Сарқан ауданына - 730, Көксу ауданына - 830, Ескелді ауданына - 1000 га, Талдықорған қаласына - 20 га жерге қызылша егу көзделіп отыр.


Көріністер:  1620

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2015 10:34

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:58

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх