Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
Қарасай ауданындағы "Молл Апорт" кешені іргесін кеңейтті

Қарасай ауданындағы "Молл Апорт" кешені іргесін кеңейтті

Қарасай ауданындағы "Молл Апорт" кешені іргесін кеңейтті Бүгін Қарасай ауданындағы «Молл Апорт» сауда және ойын-сауық кешенінің   кеңейту жұмыстарынан кейінгі салтанатты ашылуы өтті. Шараға облыс əкімі Амандық Баталов қатысты.
 Қонақтар ғимараттың ішін, атап айтқанда онда орналасқан «Сулпак» электроника гипермаркетін, «Магнум» сауда желісі дүкенін, толқынды теңізі бар «Maiami» жабық аквапаркін, балалар аттракциондарын, түрлі елдер асханасынан тағам ұсынатын Food gallery жəне басқа да сауда, ойын-сауық бөлімдерін аралап көрді. Демалушылармен тілдесіп, кешен жұмысына сəттілік тіледі.
Eurasia RED компаниясының бас директоры Ерлан Мұқашевтің айтуынша, тəулігіне 30 мың адам келетін «Молл Апорт» сауда-ойын-сауық кешені 3-ші кезегінің құрылысын аяқтау арқылы қызмет ауқымын арттыру мүмкіндігіне ие болды. Мұнда жалпы көлемі 23,4 млрд. теңге инвестиция салынған.  Кешен аумағы 210 000 шаршы метрге жетіп, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрып отыр. Мұнда сауда жасау мен демалыстың əрқилы эксклюзивті түрлері ұсынылған. «Балалар əлемі», Kari, DeFacto, «Спортмастер» жəне басқа да əлемге танымал көптеген брендтерді осы кешеннен табуға болады.  
Биылғы жылы 5 мың гектар жерге «Халықтар достығы» саябағын салу жоспарланып отыр. Онда Қазақстандағы халықтар достығын көрсететін толыққанды архитектуралық ансамбль ұсынылады, көгалдандырылып, спорт алаңдары, демалыс алаңдары, жасанды көл, амфитеатр көпшілік игілігіне беріледі.
2009 жылдан бері Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрығындарына қызмет етіп келе жатқан  «Молл Апорт» - бүгінде Орта Азиядағы ең үлкен сауда-ойын-сауық кешені. Ол сонымен қатар өндіріске де үлес қосып, фри картобын өндіретін зауыттың, ет өңдеу кешендерінің құрылыстарына да атсалыспақ. Былтырдың өзінде бюджетке 594 миллион теңге көлемінде салық төлеген кешеннің кеңеюі облыс экономикасына оң ықпал ететіні анық. 


Көріністер:  154

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 12.05.2018 15:39

Өзгертілген күні: 12.05.2018 16:53:54

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх