Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC
Қарасай ауданында жаңа нысандар бой көтереді

Қарасай ауданында жаңа нысандар бой көтереді

Қарасай ауданында жаңа нысандар бой көтереді

Жуырда облыс әкімі Амандық Баталов іссапармен Қарасай ауданында болып, Алматы – Бішкек жолының «Райымбек-Алматы» учаскесіндегі жолды күрделі жөндеу мен кеңейту жұмыстарының барысын көрді, сонымен қатар Шамалған және Райымбек ауылдарында салынып жатқан екі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бірінші кезекте Амандық Баталовқа «Гелиос» жанар-жағар май құю стансасы маңында «Республикалық маңыздағы автокөлік жолының Райымбек – Алматы бөлігінің 86-790 шақырымының (16-19 км «Алтын орда») жүргін бөлігін кеңейту» жобасы бойынша жасалған жұмыстардың картасы көрсетілді. Мұнан соң бас мердігер компания «Дәулет-Дорстрой» ЖШС кеңсесінде жиын өткізілді. Жұмыстың атқарылу барысы мен туындаған кейбір мәселелер туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі Жаңабай Қобыландин айтып берді.

Жиында жобаның 2017 – 2020 жылдар аралығында жүзеге асырылатыны белгілі болды. Бұл ретте «Алтын орда» базары аймағындағы жол бөлігін жедел – биылғы жылы іске қосу жоспарланып отыр. Учаскенің ұзындығы - 3 км 800 м, жобаның жалпы құны – 9 100,00 млн. теңге. Осы жұмыстар шеңберінде төрт жер асты жүргінші жолын жасау қарастырылған. 11 жер учаскесін, сондай-ақ АЗС «Газпромнефть» жанар-жағар май құю стансасының бір бөлік жерін сатып алуға қатысты жұмыстар толық талқыланып, зерленді. Сондай-ақ «Асыл Арман» тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша жобада кешен аумағына кіретін және шығатын жол қарастырылатыны айтылды.

Облыс әкімі «Алтын орда» базарының басшылығы жол жиегіндегі сауда нысандарын алып тастау, аумақты абаттандыру жұмыстарын атқаруы керектігін еске салды. Бұл орайда Алматы – Бішкек трассасының екінші бетінде орналасқан «Барыс» базарының басшысылығы тарапынан жұмыс жүрмей жатқаны да айтылды. Бұл базардың аумағы сүрілуге жатпаса да, абаттандыруға ерекше назар аударылып, базардағы сауда нысандары талапқа сәйкес ретке келтірілуі тиіс.

Жиынды қорытындылаған Амандық Баталов жол кеңейту жұмыстарының барысын көріп қайту үшін, туындаған мәселелер бар-жоқтығын, оны бірлесіп шешудің жолдарын қарастырып, нақты тапсырмалар беру үшін арнайы келгенін айтты. Өзінің орынбасары Айдарбек Байжановқа келесі аптада учаскелердің иелерімен кездесіп, барлық мәселелерді талқылап, шешуді тапсырды: «Сүруге жатпайтын нысандар талапқа сай қалыпқа келтірілуі керек. Қарасай ауданының әкімі де бұл бағытта белсенді жұмыс істесін. Алматы қаласымен де келісе отырып, жұмыс жүргізу керек», - деді А.Баталов.

Мұнан кейін Амандық Баталов Шамалған ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. «U-Con-Two» Bi-Group» мердігер компаниясының өкілімен кездескен облыс әкімі нысан ҚНмЕ талаптарына сәйкес қабылданатынын айтты. Облыстық сәулет, МСҚБ, техникалық қадағалау және басқа да басқармалардың басшыларына, орынбасарларына нақты тапсырмалар берді.

Спорт кешенінің ғимаратын аралап көріп, әрбір деталіне мән берді. Әмбебап және ойын залдарының қабырғалары мен төсемдері түстерінің қандай болатынын айқындады. Көше шамдары мен ішкі шырақтары, тротуар плиткалары, қаптау материалдары, сантехника таңдалынып, ғимараттың ішіндегі есіктер дизайны мен асхана интерьерлері келісілді. Сол сияқты Амандық Баталов барлық спорт жабдықтарын облыстық спорт басқармасымен келісіп барып сатып алу керектігін ескертті. Жақын жатқан аумақты абаттандыру мен көгалдандыру мәселелері де бүге-шігесіне дейін талқыланды.

Жалпы жаңа ДСК құрылысы 2017 жылдың қыркүйегінде басталған. Жобаның авторы - «Урбостиль» ЖШС. Жалпы алаңы - 6 га, құрылыс алаңы - 7300 шаршы метр. Спорт кешені екі қабатты 6 блоктан тұратын ғимарат. 1024 орынға арналған трибунасы бар стадион, 100 орындық мәжіліс залы, 300 орындық трибунасы бар волейбол, баскетбол, гандбол және минифутбол ойнайтын әмбебап залдар, 4 арнаулы спорт зал: шығыс жекпе-жегі залы, бокс залы, күрес залы және тренажерлық зал, сол сияқты жүзуді үйренуге арналған жүзу бассейні мен ваннасы бар. Осы залдардың барлығын облыс әкімі балалар әдебиетіндегі және мультфильмдердегі кейіпкерлердің жазбалары мен бейнелерін кейіптеп безендіруді тапсырды.

Жалпы жұмыстар 85% атқарылған. Қазандық, ауыз су және өрт сөндіру қоймасы, трансформаторлық подстанция дайын тұр. Нысанды іске қосу сәуірдің аяғына жоспарланып отыр.

Облыс әкіміне Шамалған ауылындағы өнер мектебі құрылысының жобасы да көрсетілді. Амандық Баталов жобаны хайтек стилінде, этностиль элементтерімен толықтыра даярлауды тапсырды.

Райымбек ауылында биылғы жылдың қаңтарында МЖӘ негізінде салына бастаған тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба авторы - «Нұр Құрылыс – 80» ЖШС, бас мердігері – «ЭлитСтройПроект» СК ЖШС.

Құрылыс жұмыстарының кестесін қараған Амандық Баталов жоспарланғандай биылғы жылдың қараша айында емес, қыркүйек-қазан айларында тапсырылуы тиіс.

Жаңа ДСО – үш блоктан тұратын екі қабатты ғимарат. Онда 300 орындық трибунасы бар спорттық ойын түрлеріне арналған әмбебап зал, бокс пен күреске арналған зал, тренажерлық зал, бильярд залы, кафетерий және т.б. бар. Ғимараттың жалпы алаңы – 3660,0 шаршы м. Бүгінгі күні қазаншұңқыр дайындау мен оны қайта көмуге байланысты жұмыстар толығымен аяқталған, қазір іргетасы құйылып жатыр.

Амандық Баталов бұл жобаның үлгілі болуы керектігін айтты. Соның үлгісімен облыстың басқа аудан, қалаларында да ДСК-лар салынатын болады.

Барлық салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарына қатысты Амандық Баталов сапаны және белгіленген мерзімде аяқтауды талап ететінін айтты.


Көріністер:  544

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 14.02.2019 15:26

Өзгертілген күні: 15.02.2019 10:32:09

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх