Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC
Арыс қаласының балалары Жетісу өңіріне жазғы демалысқа келді

Арыс қаласының балалары Жетісу өңіріне жазғы демалысқа келді

Арыс қаласының балалары Жетісу өңіріне жазғы демалысқа келді

Жазғы демалыстың бір айын жетісудың ең көрікті жерлерінде орналасқан жазғы демалыс лагерлерінде өткізу үшін өткен сенбі күні Арыс қаласынан 150 бала келді.

Бүгін оларды Алматы қаласының теміржол вокзалынан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ пен облыстық білім басқармасының өкілдері күтіп алып, арнайы автобустармен Түргендегі "Тау жанашар" лагеріне жеткізді. Мұнда келген балаларды тамақтандырып, оларға қызықты бағдарлама әзірледі. Балалар бұл лагерде 20 күн болып, қалған 10 күнін Қапшағайдағы «Күншуақ» лагерінде өткізеді.

Естеріңізге салар болсақ, 1 шілде күні өткен брифинг барысында облыс әкімі Амандық Баталов Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жайында жоспарымен бөлісе келе, арыстық балаларды тынықтырып, моралді-психологиялық қалпына келтіру шараларын жүргізіп, жаңа оқу жылына күш-қуат жинауына жағдай жасау үшін Жетісудың табиғаты таңғажайып жерлерінде орналасқан лагерьлерде 1 айлық демалыстары ұйымдастырылатындығын айтқан болатын.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі


Көріністер:  653

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.07.2019 11:30

Өзгертілген күні: 09.07.2019 12:01:58

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх