Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Ассамблея мүшелері ойларын ортаға салды

Ассамблея мүшелері ойларын ортаға салды 12.01.2018 15:44

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын талқылауға қатысты бірыңғай республикалық күні аясында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі төрағалары, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері қатысты.

Шара барысында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы негізгі баяндаманы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы – Атсалим Идигов жасады. Ол өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарына, оны орындау тетіктерін тиімді пайдалану жолдарына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ жиында «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Мадина Атайбаева да өз ойларын ортаға салды.

Басқосу барысында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы сөз қозғады. Жиынды қорытындылап, Жолдауды жүзеге асыру ісіне облыстық ҚХА мүшелерінің белсене қатысатындығын айтты. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg