Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

Ассамблеяның конференциясы өтуде

Ассамблеяның конференциясы өтуде

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» шеңберінде бүгін Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің ҚХА кафедрасы базасында ғылыми-практикалық конференция өтуде. Конференцияның негізгі мақсаты - Ассамблеяның қалыптасуының тарихи негізі мен даму жолдарын танып білу, жас ғалымдардың Ассамблея тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.

Конференция бағдарламасына пленарлық отырыс, 4 секция бойынша, атап айтқанда, «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы», «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы», «Қоғамдық келісім - «Мәңгілік ел» негізі» және «Қоғамды біріктірудегі БАҚ-тың рөлі» атты тақырыптарда жұмыс жасау енгізілген.

Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер Жетісу өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің қалыптасуы мен дамуы, облыстық Достық үйінің құрылу тарихы және басқа да өзекті мәселелерді талқыламақ.

Сондай-ақ конференция аясында университет фойесінде көрме ұйымдастырылды. Ғылыми басқосу қорытындысы бойынша арнайы жинақ шығарылатын болады.   


Көріністер:  1660

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 03.04.2015 10:38

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:56

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх