Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Астана - жасампаздықтың жарқын үлгісі

Астана - жасампаздықтың жарқын үлгісі 05.07.2018 16:13

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 6 шілде – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтауы

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігімен, тарихи шешімімен, өзіндік қолтаңбасымен дүниеге келген Астана биылғы жылы жиырмасыншы белесін бағындырып отыр.

Елорда – жасампаздықтың жарқын үлгісі, Қазақстанның жаңа дәуірінің батыл бастамасы, Президентіміздің төл туындысы.

Осы ширек ғасыр уақытта Астана әлемдік саясаттағы әмбебап қалаға айналды. Бас шаһардың төрінде қаншама еларалық келіссөздер, дүниежүзілік диалогтар, бейбітшілік бітімгершіліктері атқарылды. Өткен жылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі лайықты деңгейде өткізіліп, жас қала жасыл экономикаға бағытталған тың идеялардың, озық ойлардың, тенологиялық мүмкіндіктердің жаршысы болды.

Президентіміз «Астана – еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының локомотиві болуы тиіс», - деген еді. Сол талапқа сәйкес елдің бас қаласы мемлекетті рухани кемелдендірудің, экономикалық қуатын арттырудың басты орталығы ретінде дамып, болашақта еуразиялық мегаполиске айналуға табысты қадам басып келеді.

Бір шаңырақ астында ортақ мақсатқа біріккен, ортақ арман табыстырып, тағдыр тоғыстырған барша қазақстандықтар үшін, соның ішінде Жетісу халқы үшін Астана – тәуелсіздіктің тұмары, бейбітшіліктің бесігі, бағаналы да басты ордасы!

 

Құрметті жетісулықтар!

Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс, еңбекте жеміс, отбасыларыңызға тату-тәтті ғұмыр тілеймін!

Алашқа айбын болған Мәңгілік ел Астанасының тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!

 

 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg