Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Ғасырға жуық жасаған ардагер аналарды мерекемен құттықтады

Ғасырға жуық жасаған ардагер аналарды мерекемен құттықтады

Ғасырға жуық жасаған ардагер аналарды мерекемен құттықтады

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай облыстағы бірқатар ардагер аналарды үйлеріне барып, арнайы құттықтап қайтты. Алдымен облыс басшысы еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Анна Шевелеваның шаңырағында болды.

Амандық Баталов 98 жастағы кейуананы мерекемен құттықтап, әңгімелесті. Бұрынғы және бүгінгі өмірі туралы қысқаша баяндап берген әже осы елде туып, ер жетіп, осы күнге жеткеніне риза екенін айтты.

«Бұрынғы Андреевка ауылында тудым. Қазақстан - өз Отаным. Біз соғысты да, аштықты да, ауыртпалықты да басымыздан өткіздік. 1955 жылдан бері Талдықорған қаласында тұрамын. Еліміздің, соның ішінде Талдықорғанның бұрынғы және қазіргі кездегі кейпін іштей салыстырамын, күн санап өсіп келе жатқанын күнде жаңалықтардан көріп, газеттерден оқып отырамын. Осы күнді көргеніме бақыттымын. Балаларым өсіп-өнді, елге қызмет ететін жақсы азаматтар болып ержетті, шүкір. Осындай мерекелік шақта құттықтап келгендеріңізге шын жүректен ризамын», - деді Анна Шевелева.

Облыс әкімі өз кезегінде әжейге сый-сияпат тапсырып, зор денсаулық тіледі және 100-ге келуіне тілектестік білдіріп, сол ғасырлық қуанышында арнайы құттықтап келеуге уәде берді.

Келесі кезекте өңір басшысы соғыс ардагері, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері Алтынай Есболатты құттықтады. «Соғыстың қиыншылығын бастан кешіре жүріп, жеңістің жарқын күндеріне жеттік. Бүгінгі жастар, келер ұрпақ осы бейбіт заманның, барымыздың бағасын бағасын білсе екен. Ел басқарып жүрген азаматтар аман болып, халықты жақсы күндерге жеткізе берсін! Ананың ақ тілеуі осы!» - дей келе, Алтынай апа батасын берді.

Облыс басшысы Амандық Баталов 96 жастағы әженің ізгі ниетіне алғысын білдіріп, мерекелік сыйлығын ұсынды, ауырмай, тың, сергек қалыппен ұзақ жасауына тілектестігін білдірді. Әжейдің қал-жағдайын, денсаулығын сырттай сұрап біліп тұратынын, ал бүгін құттықтауға арнайы келгенін айтты. Сонымен қатар қала әкімдігіне және тиісті басқармаға соғыс ардагерінің дәрігерге қаралуы кезінде көлік тасымалы жағынан көмектесіп тұруды тапсырды.


Көріністер:  1155

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 07.03.2019 15:56

Өзгертілген күні: 07.03.2019 16:07:10

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх