Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
"Ат үстінде оңалту" жобасы республикалық конкурста үздік атанды

"Ат үстінде оңалту" жобасы республикалық конкурста үздік атанды

"Ат үстінде оңалту" жобасы республикалық конкурста үздік атанды

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Байқауда Алматы облысынан қатысқан Раушан Байтанованың иппотерапия бойынша қызмет көрсету арқылы ерекше қажеттіліктері бар баланың дене белсенділігін дамытуға бағытталған жобасы алпысқа жуық жобаның ішінде үздік атанды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының айтуынша, биылғы жылы жобалар «Әлеуметтік проблемаларды шешуді ақпараттық ілгерілету», «Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту», Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету» және «Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету» дейтін 5 бағыт бойынша бағаланды.

Конкурстың республикалық кезеңіне Алматы облысынан 3 жоба таңдалып алынды. Атап айтқанда Жанат Төлемісованың «Мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру және оқыту арқылы әлеуметтік оңалту», Зинаида Шулятьеваның «Жылыжай - бақша кешені арқылы балалар үйінің түлектерін жұмысқа орналастыру» және Раушан Байтанованың «Ат үстінде оңалту» жобалары қатыстырылды.


Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 


Көріністер:  188

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.11.2019 11:20

Өзгертілген күні: 06.11.2019 11:23:02

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх